"GRAND FONDO KAZAKHSTAN TOUR OF ZHETYSU"

05.06.2019, Оқылғаны: 59
Алматы облысында халықаралық "GRAND FONDO KAZAKHSTAN TOUR OF ZHETYSU" веложарысы осы өңірдің ең көрікті жерлерімен жетінші мəрте өтпекші. Қазірдің өзінде күллі əлемнің 220 спортшысы додаға тіркелді. Оны ұйымдастырушы - Алматы облысы велоспорт федерациясы. 

"GRAND FONDO" - əлемдегі ең танымал жəне беделі зор шоссе  сайысы. Бұл жарыста кəсіпқойлардан бастап, əуесқойларға дейін өнер көрсетеді. Жыл сайын "GRAND FONDO" додасы ондаған елдерде өтеді. Сол бəсекелерде ең үздік нəтиже көрсеткендер жеңімпаз болып танылады. 

"GRAND FONDO" веложарысының тұсауы осыдан 100 жыл бұрын Италияда кесілген. Кейіннен ол əлем жəне Еуропадағы ең беделді бəсекеге айналды. 

"Tour of Zhetysu" - осы өлкенің ең көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік беретін имидждік жоба. Соның арқасында көптеген əуесқойлар өздері үшін облыс аумағындағы түрлі бағыттарды айқындады.
Веложарыстқа ниет білдіргендердің барлығы жəне облыстық, аймақтық жəне халықаралық комадалар мен клубтар қатыса алады. Қатысушылар 18 жəне одан да жоғары жаста болуға тиіс.