Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

25.09.2019, Оқылғаны: 41

Алматыда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер  арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды. «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

  • 24 қыркүйек
  • Жеребе тарту рәсімі – 14:00
 
  • 25 қыркүйек
  • Қыздар – 40 кг, -44 кг
  • Ұлдар – 50 кг, -55 кг
  • Жарыстың басталуы – 10:00
  • Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 15:20
  • Финалдық кезең – 16:00
 
  • 26 қыркүйек
  • Қыздар – 48 кг, -52 кг
  • Ұлдар – 60 кг, -66 кг
  • Жарыстың басталуы – 10:00
  • Финалдық кезең – 16:00
 
  • 27 қыркүйек
  • Қыздар – 57 кг, -63 кг
  • Ұлдар – 73 кг, -81 кг
  • Жарыстың басталуы – 10:00
  • Финалдық кезең – 16:00
 
  • 28 қыркүйек
  • Қыздар – 70 кг, +70  кг
  • Ұлдар – 90 кг,+90 кг
  • Жарыстың басталуы – 10:00
  • Финалдық кезең – 16:00
 
  • 29 қыркүйек
  • Mixed Teams – аралас командалық жарыс
  • Жарыстың басталуы – 10:00