Әшім Түйебаев: «Алматы» гандбол клубы Қазақстанның бес дүркін чемпионы

18.06.2017, Оқылғаны: 759

«Алматы» гандбол клубының директоры Әшім Түйебаев өз сұхбатында  команданың жеңістерімен және соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

- Клубтың қалай, қашан құрылғаны жайлы айтып берсеңіз?

«Алматы» гандбол клубы 2007 жылы құрылған. Жалпы, біздің клуб жетекші мекемелердің бірі. Қазақстан  құрамасы әлемдік аренада алғаш рет 1993 жылы Қытайда өткен әйелдер арасында  Азия чемпионатында өнер көрсетті. Еліміздегі гандболдың дамуына, елге танылып, үлкен белестерді бағындыруына ат салысқан азаматтардың бірі – ҚР гандбол федерациясының президенті  Дәулет Тұрлыханов. Клубтың негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын  насихаттау, гандболды дамыту, Алматы гандболшыларын құрама командалар мен құрама командалардың резерві үшін дайындау, үздіктерді іріктеу.

- Команданың жетістіктеріне тоқтала кетсеңіз?

Соңғы он бір жылда, яғни қазақстандық гандболдың халықаралық аренада таныла бастағалы, Қазақстан  гандбол федерациясын Гүлнара  Тұрлыханова басқарып келеді. Осы уақыт аралығында, Қазақстан әйелдер  құрамасы Азиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдерлері атанған. Сонымен қатар, әлем чемпионатына үш мәрте қатысуға мүмкіндік алған. Ал  2008 жылы Қытай елінде  өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, үздік 12 құрлықаралық командалардың тізіміне енген. Атап өтетін жайт, біздің клуб Қазақстанның бес дүркін чемпионы. 2016 жылы Азия біріншілігінің бірінші кубогына қатысып, күмісті олжаладық.

Клубтың сегіз ойыншысы ел құрамасында   өнер көрсетеді. Олар 2008 жылы Бейжің  Олимпиадасында бақ сынады.  Осы құрамамен біздің гандболшы қыздарымыз ел намысын қорғап, екі дүркін Азия чемпиондары атағын иеленген (2008ж. мен 2010ж.). Сонымен қатар, екі мәрте әлем чемпионатына қатысқан. 2015 жылы  Данияда өткен соңғы әлем бірінішілігінже  Қазақстан  құрамасының сапында  біздің алты спортшы  ел намысын қорғады.

- Бүгінгі күні клубтың сапында  қанша спортшы бар?

Қазіргі уақытта, 18 спортшы. Олардың ішінде спорт шеберлері, халықаралық дәрежеледегі  спортшылар дабар.

- Олардың ішіннен үздіктердің атасаңыз?

Біздің команда үздіктерден құралған. Бірақ жетекші ойыншылар ретінде, Алена Суязова, Валерия Караваева, Ольга Танкина,  Бейжің Олимпиадсына қатысушылар қатарында  Наталья Якуба мен қақпашы Татьяна Парфенованы атап өтуге болады.

- Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

«Алматы» клубы әйелдер командалары  арасында өтіп жатқан  суперлиганың Play-off кезеңіне  қатысады.  Маусымның 22-28 күндері аралығында  Алматыда гандболдан суперлиганың командалары арасында ел чемпионатының 6 кезеңі, яғни Play-off өтпек. Біздің клубқа қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, осы жылы халықаралық жарыстарға қатысу жоспарда бар. Күзде Азия чемпиондары лигасына қатысамыз.

- Play-off-та басты қарсыласыңыз кім?

Барлық үш команда деп айтуға болады. «Іле», «Кайсар КАМ» және «Алтай» еліміздің үздік ұжымдары. Біз екі жеңіске дейін ойнаймыз. Екі мәрте қатарынан ұтқан команда шешуші кезеңге шығады. Финал да осындай жүйе бойынша өтеді.

- Жалпы чемпионат жайлыайтыпберсеңіз?

Чемпионат екі лигадан тұрады: жоғарғы лига мен супер лига. Жоғарғы лигада 23 жасқа дейінгі, 11 команда, ал супер лигада 23 жастан жоғары 6 ұжым өзара мықтыны анықтады. Яғни, «Алматы», «Іле», «Кайсар КАМ» мен «Алтай» - үздік төрттік пен ОҚО командасы мен «Астана». Жоғарғы лигада 5 кезең, ал супер лигада 6 кезең, алтыншысы - Play-off.

- Алдағы жарыстарда  тек жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз! Сұхбатыңызға рақмет!