Алматыда сабмишн файтингтан ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтеді

13.09.2017, Оқылғаны: 330

Қыркүйек айының 16-ы мен 17-і күндері Алматыда сабмишн файтингтан «Fall Open 2017» ашық халықаралық Arlan Grip Selection турнирі өтеді.

Қыркүйектің 16-і күні сағат 10.00-де «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі»(Ақсай 1.  10 үй )сабмишн файтингтан жеткіншектер жарыс жолына шықса, ал 17 қыркүйекте  осы уақытта 18 жастан жоғары ересектер өзара мықтыны анықтайтын болады.

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.

Аталмыш жарыс ADCC ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Салмақты өлшеу рәсімі қатысушы белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген салмағы  сәйкес келмеген жағдайда – спортшыны жарысқа қатысу құқығынан айырады.

Өтетін орын: Ақсай 1.10 үй

Жарыстың басталуы : 10.00