Алматыда 4000 адаманың қатысуымен қала күні аталып өтілді

15.09.2017, Оқылғаны: 253

Бүгін Алматыда 4000 адамның қатысуымен «Нархоз» университетінің алаңында Қала күніне арналған спорттық және мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп Ақпараттаық және спорттық ХАБ хабарлайды. 


Спорттық шара «Рухани жаңғыру» және «Асыл мұра» бағдарламалары аясында концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қала қонақтары мен тұрғынары Бейбіт Күшкалиев, Райым Уайыс, Коркем Сейсенбек сынды  əншілер мен  «Альқисса» ансамблінің өнерлерін тамашалап, көптеген спорттық жарыстардың куәсі болды. Спорт сүйер жамағат үшін арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, гір көтеру, садақ ату сынды ұлттық және өзге де спорт түрлерінен жарыстар өткізіліді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

- Бүл жарыстар өте керемет өтті. Мен өзім қол күресуден бірінші орын алып, бағалы сыйлық ұтып алдым. Сонымен қатар, гір көтеру жарысына қатысып, екінші орынды иелендім. 58 рет ғана көтерсем де, өзіме ризмаын, - деті Дмитрий Дорофеев есімді қатысушы.


Аталмыш шараға кез келген қала тұрғындары мен қонақтары қатысуға мүмкіндік алған болатын. Одан бөлек, стадионның футбол аланыңда «Нұр-Мүбарак» және «Дархан» мешіттерінің жамағаттары футболдан өзара мықтыны анықтады. 


«Асыл мұра» бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.