Алматыда гандболдан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

19.06.2017, Оқылғаны: 440

Алматыда мамырдың 22-і мен 28-і аралығында  «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасында 25-ші  ел бірінішілігінің Play-off кезеңі өтпек.

Супер лигаға 6 команда қатысады. Регламент бойынша әр ұжымның спортшылары  23 жастан жоғары болуы тиіс. Ақтық бәсекеге жолдама алған

«Алматы», «Іле», «Қайсар КАМ» және «Алтай» командалары жүлделі орындарды сарапқа салып, чемпионды анықтайтын болады.

Қазақстан чемпионатының басты мақсаты – қала тұрғындары арасында гандболды  таныту, оны дамытып, насихаттау, сонымен қатар, спортшылардың шеберліктерін арттырып, үздіктерін анықтау.

Назарларыңызға чемпионаттың кестесін ұсынамыз:

Плей офф:

22 маусым
17.30 - "Іле" Алматы обл. - "Алтай" ШҚО;

19.30 - "Алматы" - "Қайсар-КАМ-КГУ"

23 маусым
17.30 - "Іле" Алматы обл. - "Алтай" ШҚО;
19.30 - "Алматы" - "Қайсар-КАМ-КГУ"

24 маусым – Демалыс күні