Алматыда оқушылар арасында спорттық жарыстар өтті

28.09.2017, Оқылғаны: 295

Бүгін Алматының Түрксіб ауданында орналасқан № 162-ші орта мектепте «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясындаарқан тарту, шағын футбол, баскетбол және асық ату спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Бұл спорттық шараға 5,6,7,8 сынып оқушылары төрт негізгі және қыздарға арналған екі қосымша спорт түрлері бойынша жарыс жолына шықты. 5-ші сынып оқушылары асық атудан бақ сынаса, 6-шы сыныптағы балалар шағын футбол мен «пенальти тебуге» қатысты. Ал 7-ші сыныптағылар арқан тартудан сынға түссе, 8-ші сынып оқушылары баскетболға қатысты.

Салтанатты ашылуы кезінде көрермендерге оқушылар ән шырқап, жарыстың алдында көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мектеп директоры және мұғалімдер қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерің білдрді. Нәтижелі ойындардың кортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлермедалдар және дипломдармен марапатталды.

Айта кетер жайт, бұл спорттық жарыстардың басты мақсаты балалар және жасөспірімдердің спортқа деген қызыушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстану болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.