Алматы мен Риддер спортшылары шаңғымен тұғырдан секіруден жастар чемпионытының жеңімпаздары

05.10.2017, Оқылғаны: 413

Алматыда «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде бүгін шанғымен тұғырдан секіруден ҚР жастар чемпионаты басталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыстың бірінші күні Риддер, Алматы қаласы және Алматы облысының  келген 53 спортшының қатысуымен өтті. Олар үш топқа бөлініп: 1996-1998, 1999-2001 және 2002-2004 жж., К-60 және К-95 трамплиндерінде өз өнерлерін ортаға салды.

Жоғары нәтижеге қол жеткізгендер Алматы қаласының спортшылары Данил Васильевпен Илья Кратов және Вероника Шишкина болды. Ол екі мүмкіндігінде де  бірінші орынға ие болып, Алина Тухтаева - 107,0 (К-60)-103,0 (К-95), Софья Рустамова - 101,0 (К-60), Валентина Сдержикова - 165,5 (К-95) сынды қарсыластарын артқа тастаса, Данил Васильев бір алтын және бір күміс жүлдені қанағат тұтты.

Илья Кратов барлық спортшылардаң биіккесекіріп – 96 және 105 метр алтынды қанжығасына байлады. Екі трамплинненде қола медалды Илья Мизерных ұтып алды – 225,2 (К-60) және 193,0 (К-90).

Ильшат Кадыров 2004-ші жылғылардың арасында – 229,2 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, үлкендер арасында орындар келесідей болды:

1-ші орын: Сергей Ткачук (Риддер) – 242,5

2-ші орын: Роман Ногин (Риддер) – 159,0

3-ші орын: Никита Девяткин (СШИОСД) – 140,0

- Мен бұл спортпен айналысып жүргеніме 3,5 жыл болды. Сергей Анатольевич Озерных бапкерім көп нәрсені үйретті. Осы чемпионатты ұтып алғаныма ризамын. Алдағы уақытта халықаралық турнирлерге қатысып, Олимпиаданы жеңіп алсам деймін, - деді Данил. Ал, менің осы спортпен айналысып жүргеніме екі жыл болды. Бүгінгі жарыс ауырға соқты, бірақ жеңгеніме қуаныштымын, деп чемпионат жеңімпазы  Вероника Шишкина әнгімеге қосылды. Мен бұл жарысқа күнде дайындалып жүрдім. Енді алда көптген халықаралық жарыстар күтіп түр, жақсы нәтижеге қол жеткізгім келеді, - деді Вероника.

Бұл жарыстың жалғасы ертең 2004-ші жылғы ұлдар және одан кіші қатысушылардың қатысуымен аяқталады. Содан кейін, осы спорт түрінен қазан айының 12-і мен 15-і аралығында  ерсектер  арасында Қазақстан біріншілгінің жалауы желбірейді.