«Алматы» гандбол клубы Қазақстан чемпионатының екінші турында жеңіске жетті

20.10.2017, Оқылғаны: 572

Алматының «Достык» спорт кешеніңде қыздар арасындағы гандболдан ел біріншілігінің екінші туры аяқталды. Суперлигада өнер көрсететін Алматы командасы көш басында деп, Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Соңғы бесінші ойында алматылық қыздар былтырғы маусымның жеңімпаздары «Қайсар-КАМ-КГУ» клубын 24:23 есебімен ұтып, осы турдың үздіктері атанды. Бірінші таймда ұтылып қалғанымен, Арсен Бердібеков шәкірттері үзілістен кейін бар күштерін салып жеіңске қол жеткізді.

- Біз өте қуаныштымыз. Ең бастысы өзіміздің мықты қарсыластарымызды жеңдік. Алдыңғы турда біз ұтылып қалған едік, енді міне есемізді қайтардық. Әлі де талай жеңістерге жетіп, алға қарай ұмтыла бермекпіз. Мақсатымыз бір – жеңімпаз атану, - деді «Алматы» ГК капитаны Наталья Якуба.

Бұл ойыннан бөлек, маңызды ұпайларын жинау үшін алаңда «Іле» - «Алтай» - 36:20 және «Астана» - «Қазығұрт» - 27:19 командалары бақ сынасты.

Ал, екінші жоғары лигада қатысып жүрген алматылық ұжым бүгінгі «Қостанай» командасымен болған ойында 36:21 есебімен басым түскенімен, «Қазығұрт» клубынан бірінші орынды ала алмады.

Бұл лигадағы ойындардың нәтижелері төмендегідей: «Алтай» - «Қазығұрт» - 12:33, «Астана-1» - «Север» - 27:22, СДЮСШОР №5 – «Қарағанды» - 9:13, «Қандыағаш» - «Іле» - 8:27.

Айта кетер жайт, биылғы маусымда жоғары лигада 11, ал суперлигада 6 қыздар командалары өнер көрсетуде. Келесі үшінші тур желтоқсан айында Астана қаласында өтеді.