ЖСШМ ұжымы «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық филиалының Саяси кеңесі бюросымен кездесті

31.10.2017, Оқылғаны: 398
2017 жылдың қараша айының 1-і, сағат 11:00-де «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» МКҚК-да ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық филиалының Саяси кеңесі бюросының мүшесі Токкожаев Бекежан Бримовичтің ЖСШМ еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:
 
1) Елбамының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жүзеге асырылуы туралы түсінік
2) Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаеытың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы
3) Елбасы Н. А. Назарбаевтың 2017 жылғы 27 қазандағы Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығы.

Шақырылғандар арасында Алматы қалалық «Нұр Отан» филиалының баспасөз хатшысы Құрманбек К. «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Мукашева К. әл-Фараби атындағы КазНУ-дың тарих, археология және этнография факультетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Удербаева Сауле Карибаевна

Кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстанның толықтай даму қарқыны, жəне қазақ тілнің кириллицадан латын графикасына көшуінің уақытылы болғаны ЖСШМ жаттуғышылар коллективімен қолдады, ЖСШМ қызметкерлері қонақтарға сұрақтар қойып, жауап алды.