Ерекше балалар мен ересектер «Жұлдызай» спартакиадасында өзара мықтыны анықтады

24.06.2017, Оқылғаны: 549

Бүгін «Динамо» стадионында «Алматы» спорт клубының 10 жылдық мерейтойына орай мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересектер арасында «Жұлдызай» спартакиадасы өтті.

150-ге жуық қатысушы тоғыз спорт түрінен үстел теннисі, жүзу, пауэрлифтинг, шағын футбол, асық ату, шашки, шахмат, күрес және жеңіл атлетикадан жарыс жолына шықты.Барлық спорт түрлері әр түрлі салмақ дәрежелері мен қашықтықтар бойынша өткізілді.

Ақтық бәсекелер қызықты да тартысты өтті. Жүлделі орындарды Алматы қаласының үздік ұжымдары мен спортшылары сарапқа салды.

- Жарыстарға мүмкіндіктері шектеулі, ерекше спортшылар қатысты. Бір апта бойы қалалық ареналарда іріктеу сайыстарында 300 спортшы бәстесті. Олардың барлығы жақсы нәтиже көрсетті. Алайда, үздіктері бүгінгі жарыста додаға түсті. Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Алматы қаласының әкімдігіне, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін алғысымыз шексіз. «Алматы» спорт клубы 10 жыл ішінде биік шыңдарды бағындырды, келешекте де жаңа белестерді бағындыратынына кәміл сенемін! – деп бөлісті «Алматы» спорт клубының директоры Найзабек Сағымбаев.    

Сонымен қатар, клубтың басшысы қала намысын қорғайтын спортшларды атап, жоспарларымен бөлісті.

- Шілденің 18-23 күндері аралығында Түркия елінде сурдлимпиялық ойындары өтеді.Байрақты бәсекеде Қазақстанмен қоса бүкіл әлем спортшылары өнер көрсетеді. Еліміздің намысын 37 спортшы қорғайды, оның 12-сі Алматы қаласының толағайлары. Барлығы аянбай еңбек етуде, мерейтойдың құрметіне жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын, - деп қорытындылады Найзабек Сағымбаев.

Айта кетсек, спартакиада Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Алматы» спорт клубының қолдауымен өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальмен марапатталды, сондай-ақ, кішігірім сыйлықтар табысталды.

Назарларыңызға жарыс нәтижелерін ұсынамыз:

Жүзу. Ерлер.

50 м. брасс.

Есту қабілеттері зақымданған қатысушылар арасында:  

1. Данил Абдулин

2. Мадияр Рахымбаев

Көру қабілеттері зақымданған қатысушылар арасында:

1. Геннадий Никифоров

50 м. Еркін стиль

1. Кирилл Ильюкевич

2. Сергей Тарасов

3. Мирас Кожаметов

Еркін стиль.

1. Павел Одинцов

2. Алимжан Нураш

3. Кирилл Моряков

50 м. еркін стиль.

1. Аскар Байсеитов

2. Амир Бакиров

3. Алман Бакиров

50 м.

1. Игорь Кутняков

2. Димаш Советбеков

3. Роман Шатков

Әйелдер. 20 м. еркін стиль:

Көру қабілеттері зақымданған қатысушылар арасында

1. Анастасия Соболева

2. Елена Лосева

3. Галина Хмырова

Спешиал Олимпикс:

Жүзу.25 м. еркін стиль. Ерлер

1. Александр Антипин

2. Никита Юрасов

3. Александр Мердиан

1. Алишер Муханов

2. Тихон Демидов

3. Акежан Алмат

50 м.

1. Василий Гасанов

2. Роман Скорлупин

3. Андрей Косихин

1. Айжан Калибаев

2. Данияр Мамбетов

3. Александр Польчук

25 м. арқада жүзу. Әйелдер

1. Анна Сафронова

2. Дария Кайроллаева

3. Регина Галямова

25 м. арқада жүзу. Ұлдар

1. Дмитрий Айзенштад

2. Данияр Мусин

3. Олег Руденко

Әйелдер. Еркін стиль. 25 м.

1.Анна Эм

2. Анжелика Демина

3. Анастасия Жуковская

Жеңіл атлетика. Есту

Қыздар. 100 м.

1. Виктория Подкурова

2. Айжан Ахмолданов

3. Аяжан Жумабек

Ерлер. 100 м.

1. Рустем Абаканов

2. Руслан Орынбасаров

3. Ильяс Сейдаханов

Қыздар. 200 м.

1. Виктория Подкурова

2. Аяжан Жумабек

3. Айжан Ахмолдаева

Ерлер. 200 м.

1. Руслан Орынбасаров

2. Гани Турганбаев

3. Роман Бадулин

Көру. Ерлер. 100 м

1. Куаныш Маркаметов

2. Магжан Нурлыбаев

3. Жанибек Жакатай

Ерлер. 200 м

1. Куаныш Маркаметов

2. Жанибек Жакатай

3. Данияр Базарбек

С ПОДа

Ерлер. 100 м.

1. Виталий Черепинский

2. Павел Маслацов

3. Вячеслав Нужных

200 м.

1.Актилек Мукажанов

2. Виталий Черепинский

3. Павел Маслацов

Еркін күрес.

32 кг

1. Александр Матвиенко

2. Данил Гуфман

3. Рифат Ашимбаев

42 кг

1. Рустам Аминжанов

2. Мейржан Жаркын

3. Нурасыл Желден

Грек-рим күресі

42 кг

1. Артур Ким

2. Алишер Какимов

3. Ален Джумабаев

63 кг

1. Нурбол Жаксылык

2. Асет Байжанов

3. Адиль Темирхан

Үстел теннисі. Қыздар

Есту

1. Карина Орынбасаров

2. Радмила Настиг

3. Эльмира Ранилова

Ерлер

1. Сакен Бедельханов

2. Валерий Часовских

3. Владимир Бородачев

Шағын футбол

1. СК «Алматы»

2. СШИ №5

3. КазАСТ

Асық ату

1. Дмитрий Арещенко

2. Андрей Набоков

3. Мадияр Рахымбаев

Бадминтон

Әйелдер

1. Айжан Ахмолданова

2. Аяжан Жумабек

3. Аида Айдаркызы

Ерлер

1. Виктор Волков

2. Дидар Есбергенов

3. Алишер Рабатов

Шахмат.

Есту

Ұлдар

1. Александр Германов

2. Димаш Калиханов

3. Мухамед Тенелбай

Қыздар

1. Назым Жүсіпбек

2. Виолетта Рязанова

3. Аяжан Жұмабек

Әйелдер

1. Нина Жуковская

2. Асима Абраманова

3. Аружан Есимова

Ерлер

1. Елдос Кузербаев

2. Дмитрий Мочальский

3. Максим Рожков

Көру

Ерлер

1. Жоден Карибаев

2. Бахтияр Базарбеков

3. Батырхан Курмашев

Әйелдер

1. Айдана Мейржанова

2. Назира Курмашева

Пауэрлифтинг.

Ерлер 59 кг

1. Азамат Ермаханов

2. Акжол Жарылгапов

Ерлер. 65 кг

1. Ануар Жакупов

2. Асет Кудайберген

Әйелдер 73 кг

1.Зумфира Ибрагимова

Ерлер. 88 кг

1.Джанат Жакиян

2. Мадияр Нуржигит

107 кг.

1. Роман Елгин

2. Темирлан Нурахметов