Алматыда колледж студенттері арасында спартакиада өтеді

22.11.2017, Оқылғаны: 269

Қарашаның 25-і күні «Спорттық Алматы» жобасы аясында Алматыда қолледж студенттері арасында спартакиада өтеді.

Жарыс №58-ші жалпы білім беретінмектепте  (Тұрғыт Озал көшесі, 30) шағын-футбол, гір спорты, арқан тарту, шахмат, тоғыз құмалақ және үстел теннисінен өткізіледі.

Спартакиаданың басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау болып табылады. Жарыстыңбасталуы 13:00-де.

Жарысқа тек колледж студенттерінің қыздары мен ұлдары ғана қатысуға мүмкіндік алады. Регламент бойынша  жас айырмашылығы шектелмейді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медалдар табысталады, сонымен қатар ұйымдастырушы тараптан  сыйлақтар таратылады.

«Спорттық Алматы» -  алып шаһардағы  бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама.

Жылдың басынан осы бағдарлама аясында студенттер арасында көптеген спартакиадалар, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар өткізілген болатын.

Өтетін  орыны: № 58-ші жалпы білім беру мектебінде (Тургут Озал көшесі, 30).

Басталуы: 13:00-де.