Алматыда колледж студенттері спартакиадада бақ сынады

24.11.2017, Оқылғаны: 648

Бүгін «Спорттық Алматы» жобасы аясында Алматыда қолледж студенттері арасында спартакиада өтті. 

Жарыс қортындысы бойынша бірінші орынды Алматы техника экономикалық қатынас жолдары колледжінің (АТЭҚЖК) студенттері жеңіп алса, екінші орынға Алматы қаласының сервис және техника мемлекеттік колледжі жайғасты.Ал үздік үштікті Тұран колледжі түйіндеді.

Спорттық шара № 58-ші жалпы білім беретін мектепте шағын-футбол, гір спорты, арқан тарту, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен өткізілді.

- Мен шахматты мектеп кезінен ойнаймын. Бірінші орынды жеңгеніме қуаныштымын. Колледжде өзіміз осы турнирге дайындалған болатынбыз. Осындай нәтиже болатынын күткен едім. Ұйымдастырушыларға рахмет. Бұл менің соңғы турнирім емес деген сенімдемін, - деп АТЭҚЖК студенті Фариза Мадетханова өз ойымен бөлісті.

Спартакиаданың басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау болатын. Жарысқа тек колледж студенттерінің қыздары мен ұлдары ғана қатысуға мүмкіндік алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, диплом және медалдар, сонымен қатар бағалы сыйлақтар табысталды.

«Спорттық Алматы» -  алып шаһардағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама.

Жылдың басынан осы бағдарлама аясында студенттер арасында шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.