Алматыда асыл тұқымды жылқылар арасында жарыстар өтті

24.06.2017, Оқылғаны: 645

Бүгін Алматылық ипподромда, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен асыл тұқымды жылқылар арасында жарыстар өткізілді.

 Спорт сүйер қауым 1200, 1600, 1600 және 2400 метр қашықтықта бәйгелерді тамашалады. Жарыс бағдарламасына келесі жүлделер кірді.

1. «Қазақстандық 2000 Гиней» жүлдесі (I топ) 3 жасар жылқы, 1600 м қашықтық

2. «Қазақстандық 1000 Гиней» жүлдесі (I топ) 3 жасар бие, 1600 м қашықтық

3. «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы» жүлдесі (II топ) 4 жасар жылқы, 2400 м қашықтық

4. «Летний» жүлдесі (II топ) 2 жасар жылқы, 1200 м қашықтық

5. «Семиречья» жүлдесі (II топ) 2 жасар бие, 1200 м қашықтық

6. «ОКС» жүлдесі (III топ) 3 жасар бие, 2000 м қашықтық

Айта кетсек, бұл бәйгелер сынақ мақсатында іріктелген асыл тұқымды жылқылар арасында өткізіледі. Жарыстарға ресми түрде расталған шығу тегі және тиісті сәйкестендіру құжаттары (жылқының паспорты), сондай-ақ атшабар мен жаттықтырушылардың тиісті біліктілігі туралы құжаты, белгіленген үлгідегі медициналық анықтамасы және бір жылға сақтандыру полисі бар жылқылар қатыса алады.

Ең басты міндеттердің бірі, жылқының төрешілермен анықталған ағымдағы маусым рейтингі мен «Қазақстандық бәйге түрлері қоғамының» мүшелігі.

Бұл спорттық шараның ұйымдастырушылары: Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен РОО «Қазақстандық бәйге түрлері қоғамы».

Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен, өзге мемлекет ипподромдарынан келген жылқылар дәстүрлі маусым сыйлықтары ойнатылатын лотереяға қатысу үшін келесі: «Қазақстандық Дерби жүлдесіне», «ОКС үлкен жүлдесіне» және «Елбасы жүлдесіне» арналған саралаудан өтулері тиіс.

Қатысудың басты міндетері:

Қазақстандық Дерби – Анилина жүлдесі (2 топ)

Қазақстандық ОКС - саралау (3 топ)

ҚР Президентінің жүлдесі – Чемпиондар Кубогы (1 топ)

Жайшабыстың жеңімпаздары, I, II, III топтар; листед және гандикапы стартеры, санаттары бойынша спортшыларға ұйымдастырушылар атынан ақшалай сыйлықтар табысталады.

Айта кетсек, спорттық шараның басты мақсаты жайшабысты ел арасында таныту, салауатты өмір салтын насихаттау, текті жылқыларды сынау, белсенді ат спортына қала тұрғындарын қызықтыру және үздік шабандозды, бапкерді және жылқыны анықтау, сонымен қатар, Алматылық ипподромды елге таныту.

Бүгінгі бағдарламаның жеңімпаздары:

Семиречья жүлдесінің жеңімпазы, Венеция

Қожайыны: КСК «Құлагер-Қырғызстан»

Шабандоз: Азамат Қазақбаев

Бапкер: Мирзат Шугуралиев

Летний жүлдесінің жеңімпазы

Қожайыны: Балауса Жұмаділ (Алматы)

Шабандоз және бапкер: Тұраь Сатаров

Қазақстандық 1000 Гиней Шейла'с Ретерн жүдесінің жеңімпазы 

Шабандоз: Еділ Құсаинов

Бапкер: Ержан Ақтасов 

Қожайыны: К/х «Нұр Ай» (Алматы)

Қазақстандық 2000 гиней Мэйк Меморис жүлдесінің жеңімпазы

Шабандоз: Бактияр Таалайбекуулу 

Бапкер: Бактияр Таалайбекуулу 

Қожайыны: Әділет Шынайдаров (Алматы)

Оксисттер Табита Твитчит кездесуінің жеңімпазы 

Шабандоз: Бактияр Таалайбекуулу

Бапкер: Бактияр Таалайбекуулу

Қожайыны: Әділет Шынайдаров (Алматы)

Верный Қазақстандық Бәйге Қауымдастығы жүлдесінің жеңімпазы 

Шабандоз: Еділ Құсаинов 

Бапкер: Ержан Ақтасов 

Қожайыны: К/х «Нұр Ай» (Алматы)