Алматыда «Бүкіләлемдік қар күні» фестивалі өтеді

18.01.2018, Оқылғаны: 408

Қаңтардың 21-і күні, сағат 11.00-де «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде «Бүкіләлемдік қар күні» атты спорттық фестивалі өтеді.

Осы мереке аясында спортшылар қысқы спорт түрлері, шаңғы жарыстары, шаңғы қоссайысы, тау шаңғы спорты, фристайл және шаңғымен тұғырдан секіруден  өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтары үшін көптеген қызықты сайыстар мен шаралар өткізіледі. Айта кетсек, қысқы спорт түрлерінен шеберлік сабақтары, «Сұңқар» сатдионында ең ауқымды флешмоб және басқа да ойын-сауықтар ұйымдастырылады.

«Бүкіләлемдік қар күнінің» ұра­ны мерекенің мақсаты мен тұжы­рымдамасын айқындап тұр. «Explore, enjoy, experіence» ұраны, үйрену, сезіну, ләззат алу ұғым­да­рына үйле­седі. «Қар күні» мерекесінің мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмірге, белсенді болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Басталуы:сағат 11.00

Өткізілу орны: «Сұңқар»халықаралық шаңғы трамплиндер кешені

Фото: Досжан Балабекұлы