Алматылықтар «Бүкіләлемдік қар күнін» атап өтті

20.01.2018, Оқылғаны: 545

Бүгін «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде «Бүкіләлемдік қар күні» атты спорттық фестивалі өтті. 

Осы мереке аясында спортшылар қысқы спорт түрлері, шаңғы жарыстары, шаңғы қоссайысы, тау шаңғы спорты, фристайл және шаңғымен тұғырдан секіруден өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне ұйымдастырушылар, қонақтар мен "Сұңқар" трамплиндер кешенінің басшылығы да қатысты. Олар жарыс қатысушыларына сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.

- Халықаралық қар күні шаңғы спорт түрлері Федерациясының бастауымен құрылған мереке. Бізде бұл фестиваль бес жыл қатарынан өтуде. Біздің кешеннің жақсы дәтүріне айналып үлгерді. Әрине, ол қала тұрғындары мен жас спортшылар үшін ұйымдастырылады. Жалпы, спорттық шара қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталған. Бүгін, түрлі жастық санаттағы қатысушылардың, жалпы өте көп адамның жиналғанына аса қуаныштымын, - деп атап өтті "Сұңқар" xалықаралық трамплиндер кешенінің басшысы Руслан Қаңтарбаев.

Жарыс төрешілерінің айтуынша, шаңғымен тұғырдан секіруден тек тәжірибиелі спортшылар ғана бәстесті. Атап айтсақ, 7 спорттық мектеп тәрбиеленушілері өзара мықтыны анықтады. Ал қалған спорт түрлерінен барлық қалаушылар мен шаңғы жарыстарының әуесқойлары бақ сынасты.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтары көптеген қызықты сайыстар мен шаралардың куәсі атанды. Кішкентай бүлдіршіндер де уақытты қызық өткізді. Олар бұқа тартыс, шанамен жарыс және тағы да басқа ойын-сауықтыру сайыстарына қуана қатысты.

«Бүкіләлемдік қар күнінің» ұраны мерекенің мақсаты мен тұжырымдамасын айқындап тұр. «Explore, enjoy, experіence» ұраны, үйрену, сезіну, ләззат алу ұғымдарына үйлеседі. «Қар күні» мерекесінің мақсаты – өскелең ұрпақты салауатты өмірге, белсенді болуға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

- Мен үш айналымды шаңғымен жүгіріп өттім (1,5 км). Жарыс қиын болған жоқ, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Бірақ, екінші орынды иеленгеніме де қуаныштымын. Конькимен жүгіру қиынға соқты, аяғым біраз шаршап қалды. Жалпы фестиваль керемет өтті, жыл сайын ұйымдастыру жағынан жақсарып келеді. Келесі жылы бұдан да күшті өтеді деп ойлаймын, - деп бөлісті шаңғы жарысынан жүлдегер Рамина Ибрагимова.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамота және кубоктармен марапатталды.

Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

Шаңғымен тұғырдан секіру (К-20)

I орын - Илья Мизерных

II орын - Даниил Калинкин

III орын - Ален Шторгин

К-5

I орын - Александр Козырев

II орын - Александр Филоненко

III орын - Яромир Гилев 

I орын - Агата Васильева

II орын - Софья Буцких

III орын - Таисия Шишкина

Шаңғы жарыстары

I орын - Захар Машков

II орын - Данил Дудкин

III орын - Данил Карташов

I орын - Аделина Байдаулетова

II орын - Полина Машкова

III орын - Марал Журавлева