Алматыда студенттер арасында тоғызқұмалақ, дойбы және шаxматтан жарыс өтеді

24.01.2018, Оқылғаны: 470

Қаңтардың 28-і  күні  алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында тоғызқұмалақ, дойбы және шаxматтан жарыс өтеді.

Бұл шараның басты мақсаты осы спорт түрлерін дамытып, ЖОО арасында үздік командаларды анықтау болып табылады. 

Жарыс № 12  Шоқан Уәлиxанов атындағы гимназия мектебінде (Уәлиxанов көшесі, 79) өтеді. Басталу уақыты 10:00-де. 09:00-де жеребе тарту рәсімі.

Айта кетер жайт, жарысқа тек ЖОО студенттері қатысуға мүмкіндік алады. Бір командадан шаxмат жарысына 5 қыз және 5 ұл, ал, тоғызқұмалақтан 3 қыз, 3 ұл қатыса алады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом жәнемедалдармен марапатталады. 

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.