Алматыда шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан студенттер арасында жарыстар өтті

27.01.2018, Оқылғаны: 871

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.

11 университеттен келген 200-ге жуық студент №12 Ш.Уәлиханов атындағы гимназия мектебінде Швейцария жүйесіне сайкес 5 турдан тұратын жарыста өз бақтарын сынады. Көп ұпай жинаған қатысушылар осы сайыстын жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Нәтиже бойынша шахматтан ұлдар арасында: Бақытжан Сембаев (IT), Мухит Абиназаров (СДУ), Нұрболат Иманғалиев (КазҰТЗУ), ал, қыздар арасында Арайлым Қалиасқарова (ҚазҰАУ), Айдана Бейсенова (IT) және Альфия Тұраханқызы жүлдегер атанды.

Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында жүлдеге Ерасыл Қуанышбаев (ҚазҰТЗУ), Манас Нұрлыбаев (ҚазҰТЗУ), Самад Сулеймен (IT), ал, қыздардан Бақытжан Хадильбек (СДУ), Хилола Мамешова (ҚазХҚжӘТУ). Айдана Дарменова (ҚазҰАУ) қол жеткізді.

Дойбы жарысында ұлдардан үздіктер қатарынан Сағынтай Орынғалиев (СДУ), Санжар Ермек (СДУ), қыздардан Балайым Даулетханқызы (ҚазҰАУ), Көгершін Тілеген (СДУ) және Мадина Доскенова (УжА) табылды.

- Мен бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Дайындық пен еңбектін арқасында осындай нәтиже көресттім деп ойлаймын. Өзім алтыншы сыныптан бастап шахматпен айналысамын, алдағы уақытта арманым шахматтан биік жетістіктерге жету, - деп шахматтан қыздар арасында жеңімпаз атанған ҚазҰАУ студенті Арайлым Қалиасқарова өз ойымен бөлісті. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медалдармен, сонымен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Айта кетсек, «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Биылғы жылы колледж және ЖОО студенттері арасында баскетбол, арқан тарту, гір көтеру, жеңіл атлетика, армрестлинг, үстел теннисі, бадминтон, волейбол және шағын футболдан жарыстар өткізілмек.