Алматыда спорттық гимнастикадан «Қазақстанның гимнастика Федерацисы Президентінің VI Кубогы» өтеді

12.02.2018, Оқылғаны: 361

Ақпанның 14-і мен 15-і  күндері аралығында «№ 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде»  спорттық гимнастикадан «Қазақстанның гимнастика Федерацисы Президентінің VI Кубогы» жарысының жалауы желбірейді,  деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Аталмыш жарыстың еліміздің спорттық өмірінде алар орны ерекше, сонымен қатар, жастарды спортқа, салауатты өмір салтына баулу үшін де септігін тигізері сөзсіз. Турнир FIG ережелері мен талаптарына сәйкес өткізіледі.

Айтулы доданың басты мақсаты Қазақстанда спорттық гимнастиканы дамыту және елге таныту, сонымен қатар, үздік спортшыларды анықтау, қатысушылар мен төрешілердің шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жарыс «Қазақстанның гимнастика федерациясы» қоғамдық ұйымының және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубок, медаль және грамоталармен марапатталады.

Жарыстың басталуы: 10:00

Өтетін орыны: Ақсай - 1 , 20 үй