Алматыда спорттық гимнастикадан Кубок жолындағы жарыс басталды

13.02.2018, Оқылғаны: 389

Алматыда № 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде спорттық гимнастикадан «Қазақстанның гимнастика Федерацисы Президентінің VI Кубогының» жалауы желбіреді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Турнир халықаралық федерация FIG ережелері мен талаптарына сәйкес өткізілуде. Дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Иордания елдерінен келген 180-ге жуық спортшылар бақ сынауда.

Айтулы доданың басты мақсаты Қазақстанда спорттық гимнастиканы дамыту және елге таныту, сонымен қатар, үздік спортшыларды анықтау, қатысушылар мен төрешілердің шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

-Бұл жыл сайын өтетін кубок осы маусымдағы алғашқы жарыс болып саналады. Алда әлі талай чемпионаттар бар. Биыл қатысушылардың саны 180-ге жетеді. Олардын арасында мықты спортшыларда бар, бірақ біздің қыздар мен ұлдар жақсы өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарында болады деп үміттенемін, себебі бізде де Қазақстан мен Азия чемпионаттарының жеңімпаздары бар, - деді жарыстың бас төреші Тахир Кашкули.

Жарыс ұйымдастырушылары: «Қазақстанның гимнастика федерациясы» және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубок, медаль және грамоталармен марапатталады. Жарыс ертең, ақпанның 15-і күні аяқталады.