Алматыда «Ұлттық спорт – ұлт құндылығы» атты дөңгелек үстел өтті

06.03.2018, Оқылғаны: 582

Алматы әкімдігінің конференц-залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық спорт – ұлт құндылығы» атты дөңгелек үстел өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жиынға Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Алмас Маханбетияров және де танымал спорт қайраткерлері мен Алматы спорт мектептерінің директорлары қатысты.

Жиналыс барысында қатысушылар «Рухани жаңғыру» тақырыбын талықылап, осы бағытта жүргізіліп жатқан спорттық шаралар мен жұмыстарды атады. Сонымен қатар, алға қойған жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын да айтып өтті. Көбіне талқыланған тақырыптар көкпар, тоғызқұмалақ және қазақ күресінің даумы болды.

- Қазір салыстырмалы түрде айтсақ қазақ күресі өте жақсы дамып келеді. Біздің қаламызда Алматы әкімінің қолдауымен спорт клубы ашылып, көптеген кәсіпқой палуандар сол жерде дайындалуда. Сондай-ақ әр ауданда спорт мектептері ашылып, жастарды даялаудамыз, - деді қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанкелді Хамитов.

Сонымен қатар, жиынға келген спорт мектебі өкілдері қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу керек деген де ұсынысты да айтты. Сонда осы спорттың тәрбиенушілері одан да көп болатындығын атап өтті. Ал, көкпар мен тоғызқұмалақта студенттердің арасында жақсы дамып келеді деп атап өтті Қазақтың спорт және туризм академиясы Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мұхиддинов, жақында студенттер арасында көкпардан лига басталғанын мәлімдеп, осы спортқа қызығушылық артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Жиын соңында қатысушылар естелік суретпен дөңгелек үстелді аяқтады.