Алматы қыздар гандбол командасын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

06.03.2018, Оқылғаны: 352

Алматы қыздар гандбол командасын бүгін орталық стадионда 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Спортшыларды арнайы құттықтауға келген Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Байсеитов және осы шараның демеушісі «Баян сұлу» кондитерлік компаниясының вице-президенті Марлен Абдулгазинов ізгі тілектерін айтып, оларға сыйлықтар табыстады.

- Біз осы көктемдегі керемет мерекеге орай спортта жақсы нәтиже көрестіп жүрген спортшы қыздарды құттықтайық деп шештік. Оларға тек жақсылық тілеймін. Әрқашанда биіктен көрініп, алға қойған мақсаттарына жете берсін дегім келеді, - деді Марлен Абдулгазинов.

Оларға гүл шоқтары мен қостанайлық фабрика өндіретін «Баян сұлу» шоколадттары, вафли, карамель, кәмпиттері табысталды. Өз кезегінде, қыздар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, үміттерін ақтайтындығын атап өтті

Айта кету керек, «Алматы» қыздар гандбол командасы 9-ші наурыз күні Шымкент қаласына чемпионаттың төртінші турына аттанады. Команда қазір үш турдан кейін бірінші орында тұр.