Алматыда мұғалімдер спартакиадасы өтеді

19.03.2018, Оқылғаны: 403

Наурыздың 24-і мен 28-і  аралығында Алматыда жалпы білім беретін  мектептерінің  мұғалімдері арасында спартакиаданың аудандық кезеңі өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс қаланың әр ауданында тоғызқұмалақ, волейбол, аркан тарту, шахмат және гір көтеру спорт түрлері бойынша өтеді.

Спартакиаданың кестесі мен аудан бойынша өтетін орындары:

Басталуы 10:00-де.

- 24 наурыз,  № 180  мектеп - Алатау ауданы

- 24 наурыз, № 135  мектеп - Алмалы ауданы

- 26 наурыз, № 195 мектеп  - Түрксіб ауданы

- 26 наурыз, № 146 мектеп - Бостандық ауданы

- 27 наурыз, № 187 мектеп - Наурызбай ауданы

- 27 наурыз, № 143  мектеп - Жетісу ауданы

- 28 наурыз, № 133 мектеп - Ауезов ауданы

- 28 наурыз, №  168  мектеп - Медеу ауданы

Айта кетер жайт,  аталмыш спорттық шара  мектеп мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, үздік командаларды анықтау болып табылады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медалдар және сыйлықтармен марапатталады. Ал спартакиаданы жеңіп алған команда алдағы уақытта қалалық кезеңде өз ауданының намысын қорғайды.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.