Денис Юрьевич Тен

13.06.1993, Алматы, Казахстан
Мәнерлеп сырғанау
Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан

Тен Денис Юрьевич Алматы қаласының тумасы. Мәнерлеп сырғанау спортынан жеке өнер көрсетуші. Қазақстан Республикасының Еңбексіңірген спорт шебері,  ұлттық құрама мүшесі, Денис Теннің алғашқы жаттықтырушысы өзінің анасы Тен Оксана. Ол  Қазақстан Британ Техникалық университетін тәмамдаған.

  • 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасында 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған
  • 2013 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2015 жылғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері
  • 2015 жылғы «Төрт құрлық біріншілігі» чемпионы 
  • Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының чемпионы, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы
  • Бес дүркін Қазақстан чемпионы

Денис тен – Қазақстан тарихындағы Олимпиада ойындарынан, Әлем Чемпионатынан, Континентальдық Чемпионаттардан, Қысқы Универсиада және Азиа ойындарынан үздік орындардан көрінген алғашқы және жалғыс  спортшы.  Бильман айналуын ерлер арасында мәнерлеп сырғанаушылардың кез-келгені жасай алмайтын әдіс.

Жаңалықтар (5)