Айзада Нүркенқызы Мүптілда

23.04.1998, Қызылорда
Ауыр атлетика
ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық белесі:
  • 2016 ж. - 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ҚРЧ, Көкшетау. 1 орын
  • 2016 ж. - Ерлер мен әйелдер арасындағы ҚРЧ, Қызылорда, 2 орын
  • 2017 ж. - Юниорлар арасындағы Азия Чемпионаты, Катманду/Непал, 2 орын
  • 2017 ж. - ІV-ҚР Жастар спорттық ойындары, Шымкент, 1 орын
  • 2017 ж. - 20 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы ҚРЧ, Атырау, 1 орын
Білімі:
  • Оқу жылдары: 2015-2018 жж.
  • Оқу орны: Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ
Қысқа-сұхбат:
  1. Спортпен шұғылдануды қалай бастадыңыз? 2011-ші жылы әкем спорт мектебінің ауыр атлетики секциясына алып келді
  2. Алғашқы жаттықтырушыңыз? Тоқбаев Қалдыбай
  3. Өз спорт түрің не үшін ұнатасыз? Бұл спорт түрі жанымды жайландырады
  4. Жарысқа қалай бабыңызды келтіресіз? Мені жеке жаттықтырушым бабыма келтіреді
  5. Қай спорт түрлері ұнайды? Қазақша күрес пен дзюдо
  6. Спорттағы арманыңыз? Олимпиада ойындарына бару
  7. Спорттағы піріңіз? Жасұлан Қыдырбаев пен Илья Ильин
  8. Спорттағы мансабыңыз біткен соң немен айналысасыз? Уақыт көрсетеді
  9. Отбасы-әйел/күйеу/бала: Тұрмыс құрмаған
  10. Хобби/қызығушылық? Фильм көру, достарыммен бірге болу
  11. Жанкүйерлерге тілегіз? Сіздердің істеріңізге сәттілік, денсаулықтарыңызға саулық тілеймін. Өзімнің нәтижелеріммен барлық жанкүйерлерімді қуантуға тырысамын