Алматы Спортты

Құлылған жылы: 2016
«Спорттық Алматы – 2017» бағдарламасы қала тұрғындарын жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысуға қызықтыруға бағытталған жоба. Бұл жобаның басты міндеттері: жаппай спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.Бұл бірегей жоба арқылы қаланың барлық тұрғындары қамтылады, сондай-ақ, түрлі бағыттарды біріктіретін іс-шаралар ұйымдастырылады. Жеке меншік пен мемлекеттік серіктестік аясында, жоба Алматы қаласының бұқаралық спорттың дамуына, спорттық шараларды іске асыруға бағытталған.
Жыл сайын қалада өткізілетін спорттық шаралардан бөлек, ұлттық ойындарды дамытып, елге танытуға бағытталған шаралар да ұйымдастырылады. Айта кетсек:қазақ күресі, асық ату, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, қошқар көтеру сияқты ұлттық ойындар; сонымен қатар, экстремалды спорт түрлері мен көшедегі субмәдениет.
Спорттық-бұқаралық шаралардың басты қатынасушылары –Алматы қаласының қала тұрғындары мен қонақтары –балалар, жасөспірімдер, жастар, орта жастағы адамдар, зейнеткерлер мен мүмкіндіктері шектеулі жандар.
Сонымен қатар, «Спорттық Алматы» бағдарламасы біржолғы, біржылдық және өзге шараларды қоса өткізеді. Олардың барлығы жоғарыда аталып кеткен бағыттарда жұмыс атқарады.
Бағдарламаны іске асыру аясында бүгінгі таңда келесі бұқаралық спорттық шаралар жүзеге асырылған:
  1. 1Алматы қаласының ЖОО студенттері арасындағы жарыстар өткізілген (шахмат, тоғызқұмалақ, шашка, баскетбол, пауэрлифтинг, армрестлинг, арқан тарту мен гір көтеру, үстел теннисі, бадминтон жеңіл атлетика, волейбол және шағын футбол) - 2017 жылы ақпан-мамыр, қазан-қараша айларында. Шаралар саны – 13. Қатысушылар саны –1188 адам.
  2. Салалық Спартакиадалар (ұлттық мәдениет орталықтары арасында спартакиада, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасында спартакиада (аудандық және қалалық кезеңдер), қонақ үй мекемелерінің қызметкерлері арасында спартакиада, БАҚ өкілдерінің қызметкерлері арасында спартакиада, балалар үйлерінің тәрбиеленушілер арасындағы спартакиада, банк қызметкерлері арасында спартакиада, Алматы қаласының ЖОО мұғалімдері арасында спартакиада, Алматы қаласының колледж студенттері арасында спартакиада). Шаралар саны – 18. Қатысушылар саны –4473 адам.
  3. Коньки тебудің негіздерін жаппай үйрету – ақпан-наурыз, қазан-желтоқсан. Шаралар саны – 17 Қатысушылар саны – 14 600 адам.
  4. Әйгілі спорт түрлерінен жарыстар (шағын футбол, үстел теннисі, асық ату, баскетбол) – ақпан-мамыр, қыркүйек-қараша. Шаралар саны – 836. Қатысушылар саны – 60 779 бала.
  5. Спорттық-бұқаралық мереке "Алматы Наурыз мерекесін тойлайды" – 22 наурыз 2017 жыл. Қатысушылар саны – 20 000 адам.
  6. Футбол лигасы, Алматы қаласының аула командалары арасында – наурыз-қазан. Шаралар саны – 17. Қатысушылар саны – 15 040 адам.
  7. Шығыс жекпе-жектен фестиваль. Қатысушылар саны – 710 адам.
  8. Велошерулер – сәуір-қазан. Шаралар саны – 21. Қатысушылар саны – 21 4242 адам.
  9. Жаппай жүгіру «Алматы марафон»- 23 сәуір 2017 ж. Қатысушылар саны –20 000-нан астам адам.
  10. Ат бәйге маусымы - мамыр-қазан. Шаралар саны – 52. Қатысушылар саны – 490 адам.
  11. Балалар дуатлоны (велоспорт пен жеңіл атлетика) – 18 маусым 2017 ж. Қатысушылар саны - 400 адам.
  12. Жүзу негіздерін үйрету қалалық бағдарламасы, 8-12 жас – маусым-тамыз. Шаралар саны – 360. Қатысушылар саны – 2000 адам.
  13. Альпиниада «Шымбұлақ – Нұрсұлтан шыңы» - 02 шілде 2017 ж. Қатысушылар саны – 5 000 адам.
  14. Спорт күніне арналған бұқаралық мереке – 17 тамыз 2017 жыл. Қатысушылар саны – 1000 адам.
  15. Экстремалды спорт түрлерінен қалалық фестиваль «Экстрим - Толқыны» - 27 тамыз 2017 ж. Қатысушылар саны – 1200 адам.
  16. Медеу бөгетінің биік баспалдағында жүгіру - 24 қыркүйек 2017 ж. Қатысушылар саны – 600 адам.
  17. Ұлттық спорт ойындары бойынша республикалық фестиваль «Ұлы дала ойындары» - 19 мамыр 2017 ж. Қатысушылар саны – 5 000 адам.
Жалпы, 1343 бұқаралық спорттық шара өткізіліп, оған 174 222 адам қатысты.
Сайт: http://www.sporttykalmaty.kz/   
 

Жаңалықтар (278)