Тегін мұз айдындары

Құлылған жылы: 2017

ҚҰРМЕТТІ МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР!

Уақыттарыңызды Мұз айдынында көңілді өткізулеріңіз үшін көпшілік мақұлдаған мінез-құлық нормасын сақтауларыңызды өтінеміз:

  • Айқайлап сөйлеп, шу көтеру арқылы Мұз айдынына келушілердің, сонымен қатар қызметкерлердің мазасын алмау;
  • Әдепсіз сөздер айтпау және дау-дамайлы жағдайларды туындатпау;
  • Жалпы және жеке тұлғалық гигиена ережелерін сақтау, Мұз айдынында тазалықты сақтау.

ЖАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  • Жасы кәмелетке толмаған тұлғалар күнделікті сағат 10.00-ден 22.00 аралығында Мұз айдынына ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен бірге келіп, Мұз айдынының қызметтерін пайдалануларына болады (мұз айдынының жұмыс кестесін қараңыз);
  • Ата-аналар немесе басқа өкілетті тұлңалар өздері ертіп келген жасы кәмелетке толмаған тұлғалар үшін Мұз айдыны аумағында жеке-дара жауапты;
  • 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар Мұз айдынына тек ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен кіре алады;
  • 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар тек ата-анасының немесе басқа өкілетті тұлғалардың рұқсаты (жазбаша өтініші) болған жағдайда Мұз айдынына жеке өзі келе алады;
  • 4 жасқа дейінгі (қоса) балалар Мұз айдынына міндетті түрде ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен кіре алады. Ата-ана (ертіп жүрген тұлға) кіру билетін өзіне және әрбір ертіп жүрген тұлғаға жеке сатып алады. Пингвин, котиктерді жалға алу ақысы бөлек төленеді;

МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУШІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛIГІ:

  • Мұз айдынына келуші Мұз айдынына, басқа келушілерге келтірген шығындары үшін, сонымен қатар оның ертіп жүрген жасыкәмелетке толмаған тұлғалардың келтірген шығындары үшін толығымен материалдық жауапты болады;
  • Мұз айдынына келуші жасы кәмелетке толмаған ертіп жүрген тұлғалардың осы ережелерді сақтамағаны немесе бұзғаны үшін жауапты болады.

ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  • Мұз бетіне конькисіз шығуға;
  • Мұзбетін жаралауға;
  • Сырғанау кезінде тамақ жеуге, сусын ішуге, сағыз шайнауға;
  • Мұз айдынының жақтауларына сүйенуге және асылуға;
  • Мұз бетіне немесе оның жоғарғы жағына турлі заттарды лақтыруға;
  • Алкоголь, наша қолданғаннан немесе басқа нәрседен мас күйде Мұз айдынына келуге немесе Мұз айдынының қызметтерін пайдалануға;
  • Жаппай сырғанауға қатысатындарды ертіп келген тұлғалар Мұз айдынының конькиді киюге арналған аумағында отыруларына РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.

ҰСЫНЫСТАР:

  • Мұзға шығар алдында коньки бауының дұрыс байланғандығын тексеріңіз (Мұз айдынының қызметкерлері коньки бауын байлау қызметін көрсетпейді);
  • Муз айдынына келгенде, заттарынызды караусыз калдырмацыз;
  • Жоғалған немесе қараусыз қалған заттар үшін Мұз айдынының қызметкерлері жауапты болмайды;
  • Мұз айдынында техникалық және/ немесе басқа да бұзылған ақауларды анықтаған жағдайда, Сіздердің Мұз айдынының кезкелген қызметкеріне осы жағдайды хабарлауларыңызды өтінеміз.

Жұмыс кестесі:

1.Бостандық ауданы, Тұңғыш Президент саябағы

  • Жұмыс уақыты: тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

2. Бостандық ауданы, «VILLA Boutiques & Restaurants»

  • Демалыс және мереке күндері – 10:00-00:00
  • Техникалық үзіліс: 20:00-21:00
  • Жұмыс күндері – 12:00-22:00
  • Техникалық үзіліс: 18:00-19:00
  • Конькиді жалға алу: 1500 тг/ 3 сағат

3. Алмалы ауданы, Жібек жолы-Абылай хан көшелерінің қиылысы

  • Жұмыс уақыты:тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

4. Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, «Дубок» шағын ауданы

  • Жұмыс уақыты: тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

5. Түрксіб ауданы, СО «Март»

  • Жұмыс уақыты: тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

6. Медеу ауданы, «Спартак» стадионы

  • Жұмыс уақыты:10:00-22:00
  • Техникалық үзіліс: 15:30-16:00
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ.

7. Алатау ауданы,  Алатау ауданы әкімдігінің алаңында

  • Жұмыс уақыты: тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

8. Жетісу ауданы, Жетісу ауданы әкімдігінің алаңында («Гүлдер» саябағының маңы)

  • Жұмыс уақыты: тәулік бойы
  • Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)

Жаңалықтар (30)