Batyl Bol

Batyl Bol жобасы 2018 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Наурызбай ауданында 6-17 жас аралығындағы балаларға мен жасөспірімдерге, соның ішінде көп балалы, қамқорлықтағы және жағдайы төмен отбасыларды қамтитын әлеуметтік-спорттық жоба.
  • Жобаның негізгі бағыты - балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған тегін әулеметтік жоба.
Наурызбай ауданындағы жағдайы төмен оқушылардың тізімін әкімшілікке хат жазу арқылы балалар мен отбасыларға ұсыныс берілді. Қазіргі таңда 800-ден астам бала қатысуда. Жоба ағымдағы жылдың 31-желтоқсанына дейін жұмыс жасайды.Жобаға қатысу барысында балалар тегін білім алады және өтілген 10 ай нәтижиесінде балалар өзінің болашағын жарқын ете отырып, спортқа деген үлесін қоса алады.
  • Жобаның негізгі міндеттері: балалар мен жасөспірімдер арасындағы аз қамтылған, жағдайы төмен, қамқорлықтағы балалардың спортқа деген құлшынысын арттырып,болашақ чемпиондарды тәрбиелеу.
Жобада 4 спорт түрі жүзеге асырылады: шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және бокс. Қазіргі таңда ең көп сұранысқа ие спорт түрі - шахмат. Онда 350- ден астам бала қатысады. Барлық спорт түрі аптасына үш рет болады, әр спортта төрт топтппн күніне бір жарым сағат сабақ өтіледі.

Баллардың спортқа деген құлшынысын арттыру мақсатында бапкерлердің тәжірбиелері өте мол. Алматы қаласы бойынша және де басқа қалалардағы жарыстарға апарып, жоғарғы деңгейге көтеріп, тәжірбие алмастыруда. Баларды ынталандыру үшін де жоба аясында  көптеген тәжірбие бөлісу сағаттары да өтіледі, Қазақстан чемпиондарымен кездесулер өткізіліп тұрады.

Batyl Bol  жобасы аясында қазір Қалқаман және Ақжар аудандарында спорт залдары бар:
  • Қалқаман
  1. Байзақ батыр 75 (бокс және күрес)
  2. Қыдырбаева 43 (тоғызқұмалақ және шахмат)
  • Ақжар
  1.    Егінсу 35 (бокс, шахмат, тоғызқұмалақ)
 
      Сұрақтар бойынша: 8 (700) 1901605