Зейнеткерлердің белсенді ұзақ өмір сүруі

«Зейнеткерлердің белсенді ұзақ өмір сүруі» - бұл егде жастағы зейнеткерлерге белсенді өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдайларды ұйымдастырып, жасауға бағытталған тегін әлеуметтік жоба. Бұдан басқа, жоба жеке кәсіпкерлік және әлеуметтік серіктестіктің дене шынықтыру-спорттық объектілері желісіне қолдау көрсету және дамытуға бағытталған.

Жоба 2019 жылы 5 маусымнан Алматы әкімдігінің қолдауымен 8 ауданда жалғасын тапты.

Жобаның мақсаты: Белсенді өмірлік ұстанымы бар егде жастағы зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамда әлеуметтендіру және біріктіру. Зейнеткерлерді қолдау аясында мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесуінің инновациялық әдістерін қалыптастыру.

Қазіргі таңда бағдарламаға егде жастағы 2 000-нан астам зейнеткер қатысады. Жоба ағымдағы жылдың 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, жобаға қатысу барысында зейнеткерлер заманауи спорттық инфрақұрылымдарға барған кезде, өздерінің физикалық денсаулығын (жағдайын) жақсартады.

Жобада келесі спорттық секциялар іске асырылады: жүзу, фитнес залдарында жаттығулар. Бүгінгі күні ең көп сұранысқа ие болған спорт түрі жүзу болып табылады (шамамен 360 зейнеткер). Спорттық секциялардағы барлық жаттығулар аптасына 3 күн 45-30 минуттан өткізіледі. Фитнес залдарының қызметкерлері егде жастағы қатысушыларға жаңа жағдайларда физикалық жаттығуларды және спорттық жабдықты игеруге көмектеседі.

  • Бассейндер:

- Сортировочная көшесі,14
- Яссауи көшесі, 1Б
- Байтұрсынов көшесі, 105а

  • Фитнес залдар:

- «Ermak Gym», Чернышевского көшесі, 17а
- «Pyramid power», Гагарин көшесі, 236 Б үй.
- «Pyramid power 2», Жандосов көшесі, 87
- «Берлога», Толеби көшесі, 189д

  • Скандинавиялық жүру:

- Алатау ауданы – «Алматы Арена» - Әуезов ауданы – Абай даңғылы мен бұр. Б. Момышұлы (бұрынғы «Ардагерлер үйі»
- Алмалы ауданы – Сайран көлі, Төле би көшесі
- Наурызбай ауданы – Алиби Сити Парк, Альма матер көшесі 4/1
- Бостандық ауданы – "Атакент" КЦДС, Тимирязев к-сі, 42
- Медеу ауданы – Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы
- Жетісу ауданы – БАК паркі
- Түрксіб ауданы – Бауман тоғайы, Сүйінбай даңғылы

  • Емдік дене тәрбиесі (ЕДТ)

- Жібек Жолы к-сі, 50 (БО орам, 3 блок, 3 қабат)
- Қуанышбаев к-сі, 40 (2 қабат, "Платинум" би мектебі»)
- Сұлтан Бейбарыс көшесі, 2 (Жандосов көшесінің қиылысы)

Байланыс телефоны: 293 83 47, 8 707 245 72 52