Алматылық Ипподром

Құлылған жылы: 1930
Омаров, 10 к-сі
Алматылық ипподромның аумағы  – 42 гектар.
Бәйге жолының қашықтығы – 2000 метр.
Бәйге жолының ені  – 16 метр.
Бәйге жолы – топырақпен жабылған.

Алматылық ипподром 1930 жылдың наурыз айында ашылған болатын. Сол кездері елімізде ат асырау өте қарқынды жүріп жатқан еді. 30 жыл ішінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Алдыңғы он жылдықта рысак тұқымдасты аттарға сынақтар жүргізілгендіктен, оларға ат жарысын жүргізбейтін болатын.  Оның орнына рим күйме арба секілді жарыстар жүргізілетін болатын.  Оның қызықтығы қарапайым ат жарыстан қала қоймап еді. Ұлттық ойындар мен жарыстар да шетте қалып қоймап еді. Дәл Алматы ипподромында бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ секілді ойындар жүргізіліп отыратын.

Алматылық ипподромның бірінші директоры Иван Яковлевич Терно болған.

Ипподром тарихында  атақты атшы, азамат соғысы ардагері, маршал Семен Буденый  өз рөлін ойнап  кетіп еді.  КСРО ауыл шарушылығының министрлігінің орынбасары ретінде ол бірнеше рет Қазақстанға келіп кеткен болатын. Ал 1959-дан 1962 жылы осында бүкіл кеңестік ат жарыстарында аға төреші қызметін атқарған болатын.

Алматылық ипподром құрылғаннан бері, мұнда 25 000 асыл тұқымды араб, қостанайлық, орыс және тағы да басқа аттар сыннан өткен.90 жылдары ипподром құлдырау периодын бастан кешті.  Ол ауыл шаруашылығы министрлігінің қаражаттандыруынан шығарылып тасталып, егесіз қалды. Жарыстар жүргізілмейтін еді, ат қоралар мен трибуналар құлдырай бастады. Бірақ, 2000 жылдың соңында ҚР Жокей клубы құрылып, жеке меншікке айналды. Осылайша, ипподром қайта жаңғыра бастады.

2002 жылы үздік шабандоздар бас қосып, аттарды сынға алу дәстүрін  сақтап қалу үшін  бағдарламаны ойлап тапты. 2002 жылы 5 ат жарысы өткізіліп, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 100 аты сынға алынды.

Жаңалықтар (18)