«№14 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК

Құлылған жылы: 2003
Сатбаев к-сі, 29/3
292 14 53, 390 23 92
GKKP@inbox.ru
Құрылған күні  
2003 жылдың 15 шілдесінде «№14 Дене дайындығынан балалар-жасөспірімдер спорт клубы» МКҚК (№14 ДДБЖСК) болып, Алматы қаласы Жетісу ауданының №137 жалпы білім беретін орта мектептің басында құрылды   
2005 жылдың 01 тамызында – Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№14 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК (№14 БЖСМ) болып өзгертілді.
2013 жылдың 17 қаңтарында -  Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы №09-04/99-И бұйрығына сәйкес «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мәртебесі берілді (№14 ОРМБЖМ).
 Спорт үрлері: Семсерлесу, қазіргі бессайыс, триатлон, Президенттік көпсайыс
Басшысы   Танабаева Жамила Кемелбековна
Мақсаты мен міндеті
1. Жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

2. Алматы қаласының құрама командасына қабылдау үшін үміткерлерді дайындау.
 
Спортты дамытудағы жетістіктер
 
        2017 жылы кешенді жарыстарда, 4-ші ҚР жастар спорттық ойындарында семсерлесуден Алматы қаласының командасы құрамында мектеп спортшылары  I орынға ие болы, спорттық биден I орын, қазіргі бессайыстан II орын, триатлоннан III орындарға ие болды. 
          2017 жылы (Таиланд) Корат қаласында өткен семсерлесуден жеткіншектер мен кадеттер арасындағы  Азия чемпионатында Жулинский Никита командалық жарыста 1 орынға ие болды.     
         Бурабай қаласында өткен Азия чемпионатында қазіргі бессайыстан  (Биатл/Триатл) мектеп спортшылары 18  жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде 1 орын- 5,  2 орын-5, 3 орын-8.
        Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының сынақ тесттері бойынша Овчинников Данил 3 орын алды.
       Шымкент қаласында өткен семсерлесуден үлкен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында  1 орын – 6, 2 орын – 2, 3 орын – 14.
     2018 жылы семсерлесуден жеткіншектер мен кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында 1 орын – 9, 2 орын – 6, 3 орын – 16.
     2018 жылы (ОАЭ) Дубай қаласында өткен семсерлесуден жеткіншекетер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында Жулинский Никита командалық жарыста 2 және 3 орындарға ие болды.  Нахыпбек Жадыра және Смирнова Елизавета командалық жарыста 3 орындарға ие болды.     
 
Спортшылар Контингент - 569
Семсерлесу – 173, Қазіргі бессайыс – 93, Триатлон – 169, Президенттік көпсайыс - 134

Құжаттар

  1. СБЖСМ 14 2019 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 25.23Кб)
    29.05.2019, 18:55   64
  2. СБЖСМ 14 2018 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 24.83Кб)
    20.06.2018, 19:00   116