«Жазғы спорт түрлері бойынша олимпиада резервін даярлау орталығы» МКҚК

Сатбаев к-сі, 29/3
292-62-51
cop-olimp@mail.ru
Құрылу уақыты 2004 жылы «Олимпиадалық даярлау орталығы», 2014 жылы «Жазғы спорт түрлері бойынша олимпиада резервін даярлау орталығы» болып атауы өзгертілді.
 
 Спорт түрлері Еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, баскетбол, биатлон, бокс, велосипед спорты, су добы, волейбол, қол добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, ат спорты, коньки тебу спорты, жеңіл атлетика, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, үстел теннисі, жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, шаңғымен тұғырдан секіру, регби, самбо, үйлесімді жүзу, қазіргі бессайыс, спорттық өрмелеу, садақ ату, оқ ату, стендік ату, таеквондо, теннис, ауыр атлетика, семсерлесу, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек.
Басшысы    м.а. Танабаев Алтай Ерсинович 
Міндеттер мен мақсаттар  
Спортшылардың шеберлігін арттыру және республикалық және халықаралық деңгейде табысты қатысу; оқу-жаттығу үрдісін өткізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ету, спортшының техникалық-тактикалықдайындық деңгейі мен жеке физикалық сапалық даму көрсеткіштерінің өсу сатысын нәтижелерін сараптау; ҚР ұлттық штаттық құрама командасы мен аймақтық құрама команда құрамына және олимпиадалық даярлау орталығына қабылдауға үміткер спортшыларды іріктеу және дайындау; спорт түрі бойынша болашағы бар спортшыларды анықтау және іріктеу.
Спорт дамуындағы жетістіктер ЖСТ бойынша ОРДО контингентінде : ҚР ХДСШ - 25 адам, ҚР СШ – 141 адам, ҚР СШҮ – 484 адам
2017 жылы ҚР ҰҚ құрамына 358 спортшы кірді, олардың ішінде негізгі құрамда  - 70, жастар және жасөспірімдер құрамында – 258 адам
2017 жылы 7 адам - ҚР ХДСШ, 36 адам – ҚР СШ дайындалды.
«ЖСТ бойынша ОРДО» спортшылары 730 медалға ие болды, олардың ішінде: алтын – 284, күміс – 216, қола – 230.
ҚР 4-Жастар спортттық ойындарында Алматы қаласы командасы 1 орынды иемденді.
Спортшылар 1.Ананьева Суламиф – қазіргі бессайыс бойынша ҚР СШ. ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. 2015 жылы Әлем чемпионатына қатысты (Батуми) Биалдан 6-орын, 9-орын (Триатл) және 3-орын командада алды (Биатл). ҚР ашық Қысқы чемпионатта 2015 жылы Алматы қаласында 1-орын, халықаралық турнирде ҚР ашық Жазғы чемпионатта ҚР-2016 – 2-орын алды. ҚР ашық Қысқы чемпионатта ҚР-2016 Алматыда 1-орын. Азия чемпионатында 2016 жылы Чолпон-Ата (Қырғызстан) қаласында 1- орын (эстафете MIX), 2017 ж. Бурабайда өткен Азия чемпионатында Биатл/ Триатлдан 1-орын, жеке Триатлда 2-орын,  әйелдер эстафетасында Триатлдан 3-орын, жеке Биатлдан 1-орын,  эстафетада MIX  (Триатл).              
Жасөспірімдер және қыздар арасында Прага/Чехияда өткен Әлем чемпионат- 2017-де ақтықсынның 32 қатарынан көрінді.
Өзінің қысқа ғана спорттық белесінде үш Әлем, екі Азия чемпионатына, сонымен қатар халықаралық «КЦА»  турнирлеріне қатысты.
Үздік нәтижесі: 1-орын қазіргі бессайыстан Чолпон-Атада өткен Азия чемпионат-2016.
 
2. Байженов Галымжан – қазіргі бессайыстан ҚР спорт шеберлігіне үміткер.  2015 жылы Әлем чемпионатына қатысты (Батуми) Триатлдан күміс жүлдегер. Орта Азия Кубогы-2015 жасөспірімдер арас.2-орын. Азия чемпионаты-2016 Чолпон-Ата (Қырғызстан) 9-орын алды. 2016 жылы Әлем чемпионатына Лимерик (Ирландия) қатысып финалда 27 орын алды. 2017 ж. Бурабайда өткен Азия чемпионатында Биатл/Триатлдан эстафетада MIX жеңімпаз, ал ерлер эстафетасында қола жүлдегер атанды. Участвовал в Чемпионате Мира – Жасөспірімдер және қыздар арасында Прага/Чехияда өткен Әлем чемпионат- 2017-де ақтықсынның 31 қатарынан көрінді.
Ол үш Әлем, екі Азия чемпионатына, сонымен қатар халықаралық «КЦА»  турнирлеріне қатысты. Үздік нәтижесі: Батумиде өткен Әлем чемпионаты-2015-те Триатлдан 2-орын.
 
3. Мирзахметова Саёра – дзюдодан ҚР СШ. Дзюдомен он жасынан айналысады, Алматы қаласындағы К. Ахметов атындағы Республикалық олимпиада резервінің мектеп-интернат колледжінде оқиды. жаттықтырушы Р.И.Велахуновта жаттығады. Республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2016 жылы «Дети Азии» халықаралық жарысында ( Якутск) 63 кг салмақта 1-орын иеленді.  2017 жылы қыздар арасындағы ҚР чемпионатында (Тараз) 1-орын алды.. Осы жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында Бишкек (Қырғызстан) күміс жүлдеге ие болды. 
 
 
4. Муридова Тамила – семсерлесуден (семсер) ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Үздік нәтижелері: 2015 жылы кадеттер арасындағы ҚР чемпионатында 3-орын, 2016 жылы кадеттер арасындағы Азия чемпионатында (Бахрейн) командалық турнирде 1-орынға ие болды. Осы жылы кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында 33 нәтиже көрсетті (Париж/Франция). 2017 жылы кадеттер арасында ҚР чемпионы. Тайландта жастар арасында өткен Азия чемпонатында 3-орын (жеке). Сонымен қатар 2017 жылы ол Болгарияда кадеттер арасында өткен Әлем чемпионатына қатысып 17-орынға табан тіреді. 4-ҚР Жастар спорттық ойындарында жекелей сынақта 2-орын алды. Муридова Тамила - Әлем Кубогы Кезеңдері мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
 
5. Мүптілда Айзада  - ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Алғаш 2012 жылы ҚР оқушылар Спартакиадасына қатысып, 4-орын алды. ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы: ҚР чемпионатының үш топжастағылары арасында -    1 орын (2013), 17 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионаты – 1 орын (2013),  әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты  - 1 орын (2014), 17 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионаты, ҚР Оқушылар Спартакиадасы - 1 орын (2015), 20 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионаты - 1 орын (2016), 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионаты - 1 орын ( 2016), ҚР чемпионаты -1 орын (2016). 2014 жылы Осмоналиев ат. халықаралық турнирінде, - 1 орын (Қырғызстан/Бішкек). Шымкентте өткен 4-ҚР Жастар спорттық ойындарының (+90 кг салмақта) жеңімпаз. Үздік нәтижесі: Жасөспірімдер және қыздар арасында өткен Азия чемпионаты 2-орын (Непал/Катманду, 2017).  
 
6. Савин Александр - семсерлесуден (семсер) ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Семсерлесумен 12 жасынан айналысады. Үздік нәтижелері: 2015 жылы кадеттер арасындағы Азия чемпионатында (Тайланд) командалық турнире  3-орын, 2016 жылы кадеттер арасындағы Азия чемпионатында (Бахрейн) командалық турнирде 2-орынға ие болды. Осы жылы кадеттер арасындағы Әлем чемпионатында 38 нәтиже көрсетті (Париж/Франция). 2017 жылы жеке турнирде және командалық турнирде 1 орын (чемпионат Азии,  Корат, Тайланд) алды. 2017 жылы кадеттер арасында ҚР чемпионы. Сонымен қатар 2017 жылы Болгарияда өткен кадеттер арасындағы Әлем чемпионатына қатысып, 19-нәтиже көрсетті. 4-ҚР Жастар спорттық ойындарында Савин Александр жеке сында 1 орын иеленді. Әлем Кубогы Кезеңдері мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
 
7. Совет Абылай – ҚР спорт шеберлігіне үміткері.  2017 жылғы «Дети Азии» турнирінің және Азия чемпионатының қатысушысы. Еркін күреспен 6 жылдан бері айналысады. 2017 жылы «Олимпиада резервін даярлау орталығына» қабылданды. Алматы қаласының жасөспірімдер құрама командасының мүшесі.
2016 жылғы «Дети Азии» халықаралық турнирінің (Якутск) қола жүлдегері және 2017 жылы кадеттер арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок/Таиланд).
 
8. Тажибай Дәулет - ҚР спорт шеберлігіне үміткері, Еркін күреспен 6 жылдан бері айналысады.. 2017 жылғы Азия чемпионатының қатысушысы. 2017 жылы «Олимпиада резервін даярлау орталығына» қабылданды.
2017 жылы кадеттер арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок/Таиланд). 2017  ҚР чемпионатында 58 кг салмақта алтын алқа тақты.
 
9. Тынбаева Галия - дзюдодан ҚР спорт шебері, дзюдомен он жасынан бері айналысады. Республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. 2015 жылы қыздар арасында өткен Азия чемпионатында 1 орын (Тайланд) алды. Осы жылы жасөспірімдер мен қыздар арасында өткен ҚР чемпионатында 1 орын және жастар арасында 1 орын иеленді. 2016 жылы Азия чемпионатында 3 орын (Индия) алса, 4-ҚР Жастар спорт ойындарында 48 кг салмақта жеңімпаз болды (Тараз). Осы жылы юниорлар арасында өткен Азия чемпионатында 3 орын алды (Бішкек/Қырғызстан).
 

Құжаттар

  1. ОРДО 2019 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 22.25Кб)
    29.05.2019, 19:07   20
  2. ОРДО 2018 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 16.41Кб)
    20.06.2018, 19:34   74