«Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» МКҚК

Құлылған жылы: 2007
Мақатаев к-сі 13
390-98-554, 397-57-55
almatysportclub@gmail.com
 Құрылған күні Алматы қаласы әкімшілігінің  2007 ж. 16 сәуіріндегі. № 3/497
«Дене мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған «Алматы» спорт клубы» құрылып, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап өз жұмысын бастады.
Спорт түрлері  
 «Алматы» спорт клубында мүгедектік категориясына байланысты 4 бөлімше жұмыс істейді:
  • 1) Тірек қимыл аппараты зақымдалған спортшылар.
  • 2) Көру қабілеті төмен спортшылар.
  • 3) Есту қабілеті төмен спортшылар.
  • 4) «Спешиал Олимпикс».
 
Оқу-жаттығу жұмысы спорттың 18 түрі бойынша жүргізіледі: жүзу, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, шағын -футбол, футбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, таэквондо, садақ ату (компаунд), отырып ойнайтын волейбол,  арбада отырып ойнайтын теннис, бадминтон, голбол.
 
Басшысы   Сагымбаев Найзабек Бекетович
Мақсаты мен міндеті
  • -Дене мүмкіндігі шектелген адамдарды жасына қарамастан өмірлік позициасына қарай тұрақты түрде спортпен айналысуға тәрбиелеу;
  • -Спорт түрлері бойынша спорттық оқу-жаттығуды жалға алған спорттық ареналар мен базаларды ұйымдастыру;
  • - Бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік жоспары бойынша қалалық жарыстарды ұйымдастыру;
  • - Республикалық және халықаралық спорттық күнтізбелік жаспарға байланысты Қазақстан ұлттық командалар құрамында Республикалық, Халықаралық жарыстарға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
  • -Республикалық және Халықаралық жарыстарға қатысу және спортшылар мен бапкерлерге спорттық киімдер мен спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету;
  • - Мүгедек жандарды ұйымдастырушылыққа, еріктлікке және бапкерлікке  келісім шарт арқылы  жұмысқа тарту.
Спорттағы жетістіктер 2017 жыл қортындысында барлығы:  197 медаль, оның ішінде:
  • 92 алтын,
  • 53 күміс,
  • 52 қола медаль «Алматы» спорт клубы спортшыларының еншісінде.
Сонымен қатар
  • ҚР ЕССШ-2 адам,
  • ХДСШ-4 адам,
  • ҚР СШ-20 адам,
  • СШҮ-21 адам,
  • І спорттық дәрежеде-2 адам,  
  • спорттық атақтарға ие болса,
  • 2 адам ҚР ЕСЖ  атақтарын алды.
. «Алматы» спорт клубы ҚР ұлттық құрамына 161 спортшы дайындады, оның 136-ы негізгі, 25-жастар құрамасында.

    2017 жылдың қыркүйек айының 13-24 жұлдызы аралығында Атырау қаласында, ТҚАЗ және көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен  ҚР 5-ші Спартакиадасында «Алматы» спорт клубының спортшылары спорттың  9 түрінен жарысқа қатысып, 16 команданың ішінен жалпы командалық 2 орынға ие болды.
     «Алматы» спорт клубының спортшылары ұлттық құрама команда сапында спорт түрлері бойынша бірнеше  халықаралық жарыстарға қатысып, сәтті өнер көрсете білді.  Атап айтқанда:
  • -07-12 шілде аралығында Луанд қаласында (Швеция) есту мүшесі төмен спортшылар арасында шахматтан клуб аралық командалыр арасында өткен Европа чемпионатында  «Алматы» СК,  12 команданың ішінен жүлделі ІІ-орынды иемденді.                  
  • -Есту мүшесі зақымданған  спортшылар арасында «Алматы» спорт клубының спортшылары жастар арасында 2017 жылдың 12-20 шілде айында Пресов қаласында (Словакия) шағын футболдан өткен Европа чемпионатында 14 команданың ішінен жүлделі 2 орынды иемденді.
  • -ТҚАЗ спортшылары арасында үстел теннисінен өткен командалық Әлем чемпионатына «Алматы» спорт клубының спортшысы Азамат Оразбек Қазақстан құрамасы атынан қатысып, жалпы командалық есепте 6 орынға табан тіреді.
  • -ТҚАЗ спортшылары арасында жеңіл атлетикадан Лондон (Англия) қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Аманат Қалқаев өнер көрсетті.
  •  -ТҚАЗ спортшылары арасында садақ атудан 2017 жылдың 23-31 тамыз аралығында Пекин (Қытай) қаласында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан Әбдіғани Айқынбаев пен Сәрсенбек Менгельбеков қатысты.
  • -ТҚАЗ спортшылары арасында үстел теннисінен 2017 жылдың 23-31 тамыз аралығында Пекин (Қытай) қаласында өткен Әлем чемпионатында «Алматы» спорт клубының спортшысы Ахат Ауданбеков бақ сынады.
  • -Пара пауэрлифтингтен Мексика қаласында өткен Әлем чемпионатында 59 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  «Алматы» спорт клубының түлегі Ақжол Жарылғапов күміс медальді  жеңіп алды.
  • -Пара жүзуден Мексика қаласында өткен Әлем чемпионатында 400 метрлік ара қашықтықта еркін жүзуден Кирилл Ильюкевич 4- орын алды.
  • -2017 жылдың 14-30 шілде аралығында Түркия мемлекетінің Самсун қаласында өткен XXIII Сурдлимпиадалық ойындарға «Алматы» спорт клубынан 13 спортшы мен 5 жаттықтырушы қатысты.
  1. -Грек-рим және еркін күрес – 6 спортшы;
  2. -Жеңіл атлетика – 4 спортшы;
  3. -Дзюдо – 3 спортшы;
  • Грек-рим күресінен Шонку Хайратхаан,
  • ал еркін күрестен Тәжиев Асылжан қола медаль иемденді.
Спортшылар  
Клубтың құрамында 661 адам, оның ішінде 266 спортшы  18  жасқа дейін.
 

Құжаттар

  1. Мүмкіндіктері шектеулі клубының 2019 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 25.2Кб)
    29.05.2019, 19:04   79
  2. Мүмкіндіктері шектеулі клубының 2018 жылға мемлекеттік сатып алу жоспарлары (xlsx, 23.43Кб)
    20.06.2018, 17:52   93