Cұрақ-Жауап

Сұрағыңызды қойыңыз

captcha
Жаңарту

Жауаптар

11.03.2018, 18:23
#6. Алматыда тегін жүзу сабақтары қай кезде болады?
2018 жылдың 4-і маусымы мен тамыздың 31-і аралығында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 8-12 жас аралығындағы балалар арасында алып шаһарда жүзуден тегін сабақтар өтетін болады. Кәсіпқой бапкерлер жеткіншектерді бассейндермен қамтылған алты спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар Сейфуллина 404 - Aquastars, Тимирязева 41 - Aquastars (Республикалық спорт колледжі), Яссауи 1Б - Aquastars, Өтеміcұлы 1 (Шаңырақ ықшама уданы), Алғабас-1 ықшам ауданы (Almaty Arena), Сортировочная 4 – «H20» көшелерінде орналасқан. Балалар топтарға бөлінеді, бағдарлама бойынша әр балаға 12 жаттығу қарастырылған. Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысады. Осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.
21.01.2018, 18:22
#5. Мемлекеттік қызмет корсету мерзімі?
Мемлекеттік корпорациясының құжаттарды тапсырған күннен, сондай-ақ порталында айналыстан - 30 (отыз) күнтізбелік күн
13.12.2017, 18:13
#4. Тегін мұз айдындары қай жерде бар және жұмыс кестесі қандай?
Алматы аудандарында 2017 жылдан бастап қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін мұз айдындары жұмыс жасауда. Аталған мұз айдындар тек жаппай сырғанауға арналған. Тегін сырғанау мұз айдындары қыс мезгілінің соңына дейін істейді. Жұмыс кестесі: 1.Бостандық ауданы, Тұңғыш Президент саябағы Жұмыс уақыты: тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері) 2. Бостандық ауданы, «VILLA Boutiques & Restaurants» Жұмыс уақыты: - Демалыс және мереке күндері – 10:00-00:00 Техникалық үзіліс: 20:00-21:00 - Жұмыс күндері – 12:00-22:00 Техникалық үзіліс: 18:00-19:00 Конькиді жалға алу: 1500 тг/ 3 сағат 3. Алмалы ауданы, Жібек жолы-Абылай хан көшелерінің қиылысы Жұмыс уақыты:тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері) 4. Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, «Дубок» шағын ауданы Жұмыс уақыты: тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері) 5. Түрксіб ауданы, СО «Март» Жұмыс уақыты: тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері) 6. Медеу ауданы, «Спартак» стадионы Жұмыс уақыты:10:00-22:00 Техникалық үзіліс: 15:30-16:00 Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. 7. Алатау ауданы, Алатау ауданы әкімдігінің алаңында Жұмыс уақыты: тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері 8. Жетісу ауданы, Жетісу ауданы әкімдігінің алаңында («Гүлдер» саябағының маңы) Жұмыс уақыты: тәулік бойы Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
12.10.2017, 18:04
#3. Қаладағы спорттық мектептер туралы ақпаратты қайдан табуға болады?
Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында www.almatysports.kz, спорттық ұйымдар бөлімінің, Басқарма қоластындағы ұйымдар фильтрін қолдану арқылы
11.09.2017, 18:03
#2. 2-разрядты спортшыларға, 3-разрядты спортшыларға кім атақ тағайындайды?
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.
10.09.2017, 17:58
#1. Мемлекеттік негізде баланы мәнерлеп сырғанауға қайда беруге болады? Барлық жерде жаттығулар 30 000 теңге тұрады.
«К.Байбулов» атындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған № 18 мектеп жыл бойы 5 жастан мәнерлеп сырғанауға балаларды қабылдайды. Оқу-жаттығу дәрістерінің кестесіне сәйкес жаттығулар тегін өткізіледі. Байланыс телефоны: 292-71-99.