Алматыда дзюдодан Бекет Махмутовтың құрметіне Азия Кубогы өтеді

17.04.2018, Оқылғаны: 409

Сәуірдің 21-і мен 22-і күндері дзюдодан 1998-1999 жылы туылған жастар арасында ҚР дзюдо федерациясының президенті Бекет Махмутовтың құрметіне Азия Кубогы өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес жастар арасында осы спорт түрін дамыту және қатысушылардың шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Дзюдонын Азия одағы күнтізбесі бойынша өткізілетін бұл турнирге көптеген спортшылар қатысып, 8 салмақ дәрежесіне сәйкес бақ сынайды (ұлдар: -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг; қыздар: -44 кг, -48кг, -52кг, -57кг, -63кг, -70кг, -78кг, +78кг). Еліміздің абыройын жастар арасындағы Азия және Әлем чемпиондары қорғайды деп күтілуде.

Жарыс  күнделікті сағат 10:00-де Halyk Аrena мұз сарайында өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медал және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Кубоктың ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматының дзюдо Федерациясы мен «Федерация дзюдо» РҚҰ табылады.