Алматыда тегін жүзу сабақтарына тіркелу өтіп жатыр

17.05.2018, Оқылғаны: 574

Маусымның 4-і мен тамыздың 31-і аралығында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 8-12 жас аралығындағы балалар арасында алып шаһарда жүзуден тегін сабақтар өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Айта кетер жайт, балалар топтарға бөлінеді, бағдарлама бойынша әр балаға 12 жаттығу қарастырылған. Қазіргі таңда, 619 бала маусым айына тіркелген, осы айға тек 86 орын қалды. Егер сіз маусым айына жазылуға үлгермесеңіз, келесі айға жазыла аласыз. Бағдарлама жаздың соңына дейін жалғасады.

Кәсіпқой бапкерлер жеткіншектерді бассейндермен қамтылған алты спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады. Олар Сейфуллина 404 – Aquastars (маусым айына 18 орын қалды), Тимирязева 41 - Aquastars (Республикалық спорт колледжі) (маусым айына 49 орын қалды), Яссауи 1Б – Aquastars (маусым айында бос орын жоқ), Өтеміcұлы 1 (Шаңырақ ықшама уданы) (маусым айына 3 орын қалды), Алғабас-1 ықшам ауданы (Almaty Arena) (маусым айында бос орын жоқ), Сортировочная 4 – «H20» (маусым айына 16 орын қалды) көшелерінде орналасқан.

Біріншіден, бұл сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысады. Осы жылы 2000 бала жаздың соңына дейін тегін жүзу сабақтарына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Айта кетсек, тіркелу үшін туу туралы куәлік копиясы, мединалық анықтама, ЖСН және ата-аналарыңыздың байланыс телефондарын міндетті түрде көрсету қажет.

Толық мәлімет бойынша мына байланыс телефондар арқылы хабарласа аласыздар (тек жұмыс уақытында):

+ 7 777 247 38 22 – Анна

+ 7 775 527 43 87 – Ержан