Арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды

21.10.2018, Оқылғаны: 406
Halyk Arena көпфункционалды кешенінде арбамен билеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  
 
Бұл чемпионатқа 15 облыстан келген 100-ге жуық параспортшы бақ сынасты. Ел чемпионатын тұңғыш рет аккредиттелген спорттық би федерацияларының қауымдастығы өткізді.  
 

- Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Біз қатысушылар үшін барлық жағдайды жасадық. Енді 2019 жылы әлем чемпионатын күтеміз. Өтетін орны мен күні жақын арада белгілі болу керек, - деді чемпионаттың төрешісі Алексей Верига.  

 
Оның айтуынша осы қатысушылардың арасындағы ең үздіктері еліміздің намысын әлем чемпионатында қорғайды. Өз кезегінде бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар әдемі ырғақ билерін көрсетіп, фристайл мен сингл биледі. Олар әдемі танго, вальс, самба, румба, джайвтан өзара мықтыны анықтады.  
 

- Мен биылдан бастап осы спортта жүрмін. Бірінші рет ел чемпионатына қатысып, жеңіп алдым. Маған бәрі өте ұнады, ұйымдастырушыларға рахмет, - деді жеңімпаздардың бірі алматылық Михаил Бычковский.  

 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды. Олар:  
 
Сингл. Ерлер (2 класс):
1. Михаил Бычковский
2. Александр Чащин
3. Талгат Аманбеков
4. Есет Дарибаев
5. Кайрат Нугманов
 
Сингл. Әйелдер (1 класс):
1. Юлия Калинина
2. Балжан Бейсебаева
3. Роза Смагулова
4. Алтынашар Калубаева
5. Екатерина Федоренко
6. Гульмира Жангалиева
 
Сингл. Әйелдер (2 класс):
1. Наргиза Ахметова
2. Айдана Нуртазина
3. Дияна Смагулова
4. Аруна Жаксагулова
5. Акнур Акжаркенова
 
Фристайл. Әйелдер (1+2 класс):
1. Аруна Жаксагулова
1. Акнур Акжаркенова
1. Наргиза Ахметова
2. Роза Смагулова
2. Бактыгуль Алимбекова
2. Юлия Калинина
3. Людмила Башкенова
3. Гульмира Жангалиева
3. Армангул Болатжан
 
Фристайл. Ерлер (1+2 класс):
1. Александр Чащин
2. Кайрат Нугманов