Алматыда спорттық акробатикадан X Азия чемпионаты өтеді

13.09.2017, Оқылғаны: 405
Қыркүйек айының 17-і мен 19-ы аралығында  «№ 9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде» спорттық акробатикадан X Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Біріншілік  үш жас санатында өткізіледі: үлкендер, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер  және 12-18 жас аралығындағы жастар. Байрақты бәсекеге  Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея, Гонконг  елдерінен келген  174 спортшы қатысады.

 Азия бірінішілігі  акробатиканы Қазақстанда дамыту және елге таныту,  спортшылар мен бапкерлердің шеберліктерін арттыру, сондай-ақ, халықаралық аренада  ел  мен  Алматы қаласының  спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жарысты  дене шынықтыру және спорт комитеті, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Қазақстанның гимнастика федерациясы» және «Алматы қаласы гимнастика федерацисы» қауымдастықтарының қолдауымен өтетін болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Өтетін орын:1 мкр-ы, 20 А

Басталуы: 11:30