Алматыда спорттық биден «Күз вальсі - 2017» халықаралық жарыс өтеді

16.11.2017, Оқылғаны: 401

Қарашаның 18-і мен 19-ы  аралығында «Бағанашыл» спорт кешеніңде спорттық биден  11-ші  рет «Күз вальсі - 2017»  халықаралық  турнирінің жалауы желбірейді.

Жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Белорусь, Ресей мемлекеттерінен келген спортшылар  қатысады.

Бұл турнир Алматыда 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирде 1000-нан астам еліміздің бишілері  өзара мықтыны анықтайды.  Сонымен қатар, төрешілер қатарында өзге мемлекттерден келген білікті мамандар қызмет атқарады.

Жарыс аясында халықаралық сайыстардың  категориясы бойынша ҚР біріншілігі мен кубогі өткізіледі: Балалар (4-6 жас); Ювеналдар 1 (7-9 жас); Ювеналдар 2 (10-11 жас); Юниорлар 1 (12-13 жас); Юниорлар 2 (14-15 жас); Жастар (16-18 жас) және Ересектер (19 –дан жоғары).

Айта кетер жайт, спорттық шараның  ұйымастырушылары ҚР Спорттық би федерациялар ассоциациясы, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы қаласының спорттық би федеарциясы болып табылады.

Қосымша ақпарат және аккредитация бойынша:

Алексей Бубнов

8777-286-11-86

Өтетін орын: «Зенит» спорт кешені, (Бағанашыл), Санаторная көшесі-14.