Алматы қаласының таеквондо және қазақ күрес құрамалары конфедерация кубогінің финалына шықты

01.12.2017, Оқылғаны: 653

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдо, бокс, еркін және грек-рим күресі, таеквондо, қазақ күрес спорт түрлерінен конфедерация кубогы 

Алматының таеквондошылары жартылай финалда Маңғыстау облысын 78:18 есебімен ұтып финалға шықты. 

- Қарсыластарымыз осал емес. Олардың құрамында әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Сарымсақов болды, бірақ бұл командалық ойын болған соң сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Финалға шыққанымызға қуаныштымыз, енді жеңуге тырысамыз, - деді Алматы қомандасының бас бапкері Болат Райымбеков.

Финалдық кездесуде алматылықтар ОҚО ұжымын ұтқан Алматы облысымен күш сынасады. Сонымен қатар, ақтық сында Алматы құрамасының қатарында қазақ күрес палуандары да өнер көрсетеді. Олар, Тараз қатысушыларын 5:3 есебімен ұтып, Қарағандымен бірінші орынға таласады.

Айта кетер жайт, Алматы қаласы бұл жарыста төрт спорт түріне қатысады. Таеквондо, қазақ күрес, еркін күрес және дзюдо. Соңғы екі спорт түрінен спортшыларымыз қола жүлдегер атанды.

Конфедерация кубогы биыл Алматыда екінші жыл қатарынан ҚР ҰОК президенті Тимур Кулибаевтын бастамасымен өтуде. Жалпы жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. 

Барлық спорт түрлерінен финалдық кездесулер ертең Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 10:00 басталады.