Алматыда Наурызбай ауданында 5-8 сынып оқушылары арасында жарыстар өтті, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.
«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында өткен жарыста балалар асық ату, арқан тарту, шағын футбол мен баскетболдан бақ сынады.
Барлық мектептерде спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырушылар мен мектеп мұғалімдерінің ізгі тілектерімен басталды. Олар қатысушыларға сәттілік және жарқын жеңіс тіледі.
Өз жігерліктері мен шеберліктерін көрсеткен № 157, 176, 186, 188, 192, 187, 174-ші мектеп оқушылары өз ризашылықтарын білдіріп, жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медалдар және дипломдармен марапатталды.
«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
15.11.2019
254
11.11.2019
289
25.09.2019
314
06.06.2019
428
05.06.2019
2937


