Спорттық гимнастика: Алматы қаласының чемпиондары

20.12.2018, Оқылғаны: 971

Алматыдағы N9 Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай спорттық гимнастикадан қала біріншілігі өтті. Бұл жайында HUB ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды.


Айтулы жарыста екінші разрядты гимнасшылар арасында алматылық
  • Милана Бордиянова, Виктория Щелкунова, Радмила Тарасова жеңіс тұғырына көтерілсе,
ұлдар сайысында бірінші жəне екінші орындарды алматылық
  • Ерасыл Сейілхан мен шымкенттік Самрұқ Кəрімов иеленді. 

Бірінші разрядты гимнасшылар арасында жүлделі орындардың барлығын - Шымкент қаласының өкілдері олжалады.

  • Олар - Жамел Алдияр, Мөлдір Жақаева жəне Мерей Бабаева.

Ұлдар бəсекесінде
  • Достан Өмірсерік (Алматы), Владислав Бабушкин (Алматы) жəне Виктор Гайсин (Шымкент) үздіктер санатынан көрінді.

Спорт шеберлігіне үміткерлер жарысында
  • Есения Тойшыбекова (Алматы), Кəмшат Бимағанбет (Алматы) жəне Қазына Мұстафа  (Шымкент),

ал ұлдар арасында алматылық Николай Макеев, Иван Темников жəне Асан Сəлімов жеңіс тұғырына көтерілді.

Спорт шеберлерінің бəсекесінде мына гимнасшылардың бағы жанды:
  • Қыздар - Екатерина Чуйкина, Эмилия Вейберт жəне Арайлым Мейрам (барлығы да Алматыдан).
  • Ұлдар - Əкім Мұсаев пен Ілияс Жақсымбет (Алматы) жəне Константин Руденко (Шымкент).