Спорттық гимнастика - барлық спорт түрінің негізі

19.12.2018, Оқылғаны: 1488

Алматыда спорттық гимнастикадан 2008 жылы туған жəне одан ересек жасөспірімдер мен қыздар арасында қаланың ашық біріншілігі өтуде. Бұл жайында HUB ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған жарыста 100-ге жуық гимнасшылар бақ сынауда.

Спорттық гимнастика - базалық спорт түрі. Қимыл-қозғалыстың үйлесімдігі мен кеңестікте бейімделу қабілеті гимнастикалық залда қалыптасады, - дейді ҚР Гимнастика федерация президентінің кеңесшісі Махмуд Ескендіров.

- Токио Олимпиадасының алауы тұтанатын күн де алыс емес. Біздің ерлер командасы сол жарысқа қатысу құқығына ие болу үшін күш салуда. Катарда өткен əлем чемпионатында жерлестеріміздің алдында 24 үздік команданың қатарына қосылу міндеті тұрды. Бұл жоспарды біздің өрендер ойдағыдай орындап, 16 орынды иеленді. 2019 жылы Штутгардта өтетін іріктеу турнирінде жоғарыдағы көрсеткішті жақсартуға тырысамыз. 

- Қазір бізде жастар қарқын алып келеді. Бухаресте өтетін жастар арасындағы əлем біріншілігіне біз жақсы команда жасақтаймыз деп үміттенемін, - дейді N9  спорт мектебінің директоры Галина Баркова. 


Жарыстың алғашқы күнінің нəтижесі бойынша ең үздік спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер, бірінші жəне екінші разрядты гимнасшылар финалға шығып, жүлделі орындар үшін таласуда.