Алматыда Чемпиондар лигасының «Төрттік финалының» жеребесі тартылады

15.01.2019, Оқылғаны: 447

Алматыда Чемпиондар лигасының «Төрттік финалының» жеребесі тартылады

2019 жылдың сәуір айында «Алматы Аренада» футзалдан Чемпиондар лигасының «Төрттік финалының» жеребесі тартылады.

Бұл жарыста
  1. «Спортинг» (Португалия),
  2. «Интер» (Испания),
  3. «Барселона» (Испания)
  4. «Қайрат» (Қазақстан)
клубтары күш сынасады

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кезеңінің жеребесі 1 ақпанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін Қазақстан мен Хорватия құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу барысында тартылады
(Матчтың басталу уақыты – 20:00)


Үзіліс барысында УЕФА-ның өкілдері мен «Төрттік финалын» ұйымдастырушылар ½ финалдық сайыстың
жұптарын анықтайды


«Төрттік финалы» екі жартылай финалдық бәсекелер форматында өтеді.
Соның негізінде бас жүлде үшін таласатын қос команда анықталады.
  • Қазіргі кезде «Интер» қарт құрлықтағы ең атақты команда саналады. Олар УЕФА кубогы / Чемпиондар лигасын бес рет ұтты.
  • Осы жарыста «Қайрат» жеті мәрте бақ сынап, екі мәрте топ жарды.
  • Лиссабонның «Спортингі» соңғы екі додада финалға шықты.
  • Ал «Барселона» айтулы турнирдің 2011/12 және 2013/14 жылдардағы маусымында дара шықты.

«Алматы Арена» еурокубоктың финалдық ойындарын 2017 жылы қабылдады.


Сол жарыстың жартылай финалында «Қайратты» ұтқан «Интер» ақтық сында «Спортингке» сан соқтырды. Айтулы төрт бәсекені тамашалау үшін барлығы 28 мың көрермен жиналды.

Ал 2011 жылғы финалдық сайыстар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен еді. Жартылай финалда «Спортинг» «Қайратты» 3:2 есебімен ұтқанымен, шешуші тұста Италияның «Монтесильвано» клубына есе жіберді.

Өзге финалдық бәсекелер
  1. Мурсия (2007),
  2. Мәскеу (2008),
  3. Екатеринбург (2009),
  4. Лиссабон (2010, 2015),
  5. Лерида (2012),
  6. Тбилиси (2013),
  7. Баку (2014),
  8. Гвадалахара (2016) және
  9. Сарагоса (2018) қалаларында өтті.