Алматыда футзалдан өтіп жатқан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселонасын» ойсырата ұтты.
Бірден айта кетейік, жұма күнгі кеште осы ойынды тамашалау үшін «Алматы Аренаға» 12 090 көрермен жиналды. Бұл – футзалдан клубтар арасындағы жарыстардың рекордтық көрсеткіші! Бұрын-соңды дәл осынша көп адам бір ғана ойынды тамашалау үшін спорт кешеніне жиналған емес.
«Кайрата» бұл ойынға мынадай құрамда шықты: Игита, Эдсон, Ранжел, Джон Леннон, Тайнан - Дуду, Сүлейменов, Диего, Тұрсағүлов, Дуглас Жуниор, Тайеби, Нұрғожин, Оразов және Есенаманов.
Матчтың бірінші таймында көрермендер соғылған голды көре алған жоқ. Есесіне, үзілістен кейін қос қақпаға жеті бірдей доп соғылды. Алматылықтар қарсыластар қақпасын бес мәрте дәл көздесе, қонақтар екі рәт мергендік танытты. Есеп – 5:2. «Қайраттың» ойыншылары арасынан Хоссейин Тайеби дубль авторы атанса, Джон Леннон, Эдсон және Дуглас бір-бір реттен допты торда тулатты.

15.11.2019
256
11.11.2019
290
25.09.2019
317
06.06.2019
431
05.06.2019
2939