Спорттық гимнастикадан өткен Қазақстан чемпионаты мен кубогынан кейін бапкерлер қорытынды шығарды.
Көпсайыста спорт шеберлері арасында алматылық Милад Карими, Əкім Мұсаев жəне Ербол Жантықов озды. Спорт шеберлігіне үміткерлер сайысында шымкенттік Эмиль Ахмеджанов жəне алматылық Иван Темников пен Николай Макиев үздік атанды. Бірінші разрядты гимнасшылар бəсекесінде Нұржан Ыдырысов (Павлодар) жəне Владимир Харламов пен Константин Салагаев (Алматы) жеңіс тұғырына көтерілді."Гимнастар өте жақсы өнер көрсетті. Біздің команда сапында халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері мен келешегінен үміт күттіретін спортшылар бар. Олар Олимпиада лицензиясынан басты үміткерлер", - дейді ҚР спорттық гимнастика федерациясының вице-президенті Махмуд Ескендіров.
15.11.2019
222
11.11.2019
255
25.09.2019
286
06.06.2019
399
05.06.2019
2904


