Бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Final турниріне тіркелу басталды

07.11.2017, Оқылғаны: 493

Желтоқсанның 7-і мен 10-ы күндері Алматыда  бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Final  турнирі өтеді.

Аталмыш жарыс ADCC ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді.

Ал желтоқсанның 10-ы күні «ADCC ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP»  турниірің жалауы желбірейді. Бір жыл ішінде Arlan Grip Selection (1 орын prof)  жарысында сынға түскен спортшылар абсолюттік категорияға тегін тіркеле алады (өтінімдеріңізді 03.12.17 дейін info@arlangrip.kz поштасына жібере аласыздар).

Жүлде қоры *15 000$*

1 орын - 1200$ *(тек кәсіпқойлар)* 

2 орын - 500$ *(тек кәсіпқойлар)*

3 орын - 300$ *(тек кәсіпқойлар)*

Абсолютка  

1 орын - *5000$* *(тек кәсіпқойлар)*

*Тіркелу* : 

Ашылуы - 08.11.17 17:00-ден бастап

Жабылуы - 06.12.17 00:00-ден бастап

*www.arlangrip.kz* ресми сайтында тіркеле аласыздар.

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Салмақты өлшеу рәсімі қатысушы белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген салмағы  сәйкес келмеген жағдайда – спортшыны жарысқа қатысу құқығынан айырады.

Турнирге қатысу үшін спортшылар мына сайттаwww.arlangrip.kz. тіркелуі қажет. Тіркелу қарашаның  8-і басталып, 6 желтоқсан  сағат 17:00-ге дейін жалғасады.