Бразилиялық джиу-джитсудан Kazakhstan National Pro чемпионаты басталды

07.12.2017, Оқылғаны: 587

Arlan Grip аренада Араб елінің федерациясының UAEJJF қолдауымен бразилиялық джиу-джитсудан Kazakhstan National Pro чемпионатының жалауы желбіреді.

Жарысқа әр түрлі жастағы 250-ге жуық спортшы  бақ сынауда. Турнирге    Қазақстанның бөлек,  Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген джитсерлер қатысуда.

- Бұл  жарыс  екі күн бойы кимономен (ГИ) UAEJJF федерациясының тәртібіне сай өткізіледі, ал үшінші күні осы жерде ADCC (NO GI) федерациясының заңымен Asian Open Championship Азия чемпионаты басталады.  Бұл грепплинг федерациясы әлемде ең танымал болып саналады. Осы турнирді жеңген спортшылар Азия чемпионы атанып, ақшалай сыйлықтарға ие болады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың долларды құрайды. Бұл қаржылар профи  дивизионыңдажүрген қатысушылардың арасында салмақ бойынша таратылып, сонымен қатар абсолютттік  салмақ дәрежесінде ойнатылады, - деп турнир ұйымдастырушысы Мигель Мамырбаев түсіндірді.

 Бүгін  жарыстың бірінші күні 18-ге толмаған ұлдар мен қыздар жарыс жолына шықты . Ал  ертең үлкендер өзара мықтыны анықтайды.  

- Мен осы спорт түрімен өзімнің Жаркент қаласында айналысамын, жарты жыл ішінде көптеген турнирлерге қатысып жүлделі  орындардан көріндім. Бүгін алтынан алқа тақтым. Осы жарысқа жақсы дайындалып, өз командамызбен  келдік. Алдағы уақытта осы спортпен көптеген жетістіктерге жеткім келеді, - деп жарыстың жеңімпазы Айнұр  Аркинова өз ойымен бөлісті.

Өз  салмағында орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.