Бразилиялық джиу-джитсудан Kazakhstan National Pro чемпионаты аяқталды

08.12.2017, Оқылғаны: 467

Arlan Grip аренада Араб елінің федерациясының UAEJJF қолдауымен бразилиялық джиу-джитсудан Kazakhstan National Pro чемпионаты аяқталды.

Жарысқа әр түрлі жастағы 250-ге жуық спортшы  бақтарын сынады. Олардың қатарында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Бразилия елдерінен келген джитсерлерда болды.

Бұл турнир екі күн бойы кимономен (ГИ) UAEJJF федерациясының тәртібіне сай өткізілді. Бірінші күні 18-ге толмаған ұлдар мен қыздар жарыс жолына шықса, ал бүгін үлкендер өзара мықтыны анықтады. 

- Менің бүгінгі қарсыласым тәжірибелі болды. Олмен бірінші рет кездесіп, көбінесе мен техника жағынан ұтатынмын. Бүгінде солай болды, алайда маған төзімділік жетіспеді. Шаршағаннан болар, ұта алмадым. Бірақ мен ертеңгі ADCC турниріне қатты көңіл бөлудемін. Не болатының көре жатармыз, - деп Алматылық Қуаныш Ахметов екінші орының қортындылады.

Айта кету керек. ертең үшінші күні осы жерде ADCC федерациясының заңымен Asian Open Championship Азия чемпионаты басталады (NO GI). Бұл грепплинг федерациясы әлемде ең танымал болып саналады. Осы турнирді жеңген спортшылар Азия чемпионы атанып, ақшалай сыйлықтарға ие болады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың долларды құрайды. Бұл қаржылар профи  дивизионыңдажүрген қатысушылардың арасында салмақ бойынша таратылып, сонымен қатар абсолютттік  салмақ дәрежесінде ойнатылады.

Бүгінгі жарыстың қортындысы бойынша өз салмағында орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Спорттық шараның басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау.  

Осы турнирдің нәтижелерін https://events.uaejjf.org/event/73 сайтынан көре аласыздар.