ҚҰРМЕТТІ МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУШІЛЕР!
Уақыттарыңызды Мұз айдынында көңілді өткізулеріңіз үшін көпшілік мақұлдаған мінез-құлық нормасын сақтауларыңызды өтінеміз:
- Айқайлап сөйлеп, шу көтеру арқылы Мұз айдынына келушілердің, сонымен қатар қызметкерлердің мазасын алмау;
- Әдепсіз сөздер айтпау және дау-дамайлы жағдайларды туындатпау;
- Жалпы және жеке тұлғалық гигиена ережелерін сақтау, Мұз айдынында тазалықты сақтау.
ЖАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
- Жасы кәмелетке толмаған тұлғалар күнделікті сағат 10.00-ден 22.00 аралығында Мұз айдынына ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен бірге келіп, Мұз айдынының қызметтерін пайдалануларына болады (мұз айдынының жұмыс кестесін қараңыз);
- Ата-аналар немесе басқа өкілетті тұлңалар өздері ертіп келген жасы кәмелетке толмаған тұлғалар үшін Мұз айдыны аумағында жеке-дара жауапты;
- 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар Мұз айдынына тек ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен кіре алады;
- 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар тек ата-анасының немесе басқа өкілетті тұлғалардың рұқсаты (жазбаша өтініші) болған жағдайда Мұз айдынына жеке өзі келе алады;
- 4 жасқа дейінгі (қоса) балалар Мұз айдынына міндетті түрде ата-анасымен немесе жасы 18 асқан өкілетті тұлғалармен кіре алады. Ата-ана (ертіп жүрген тұлға) кіру билетін өзіне және әрбір ертіп жүрген тұлғаға жеке сатып алады. Пингвин, котиктерді жалға алу ақысы бөлек төленеді;
МҰ3 АЙДЫНЫНА КЕЛУШІНІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛIГІ:
- Мұз айдынына келуші Мұз айдынына, басқа келушілерге келтірген шығындары үшін, сонымен қатар оның ертіп жүрген жасыкәмелетке толмаған тұлғалардың келтірген шығындары үшін толығымен материалдық жауапты болады;
- Мұз айдынына келуші жасы кәмелетке толмаған ертіп жүрген тұлғалардың осы ережелерді сақтамағаны немесе бұзғаны үшін жауапты болады.
ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
- Мұз бетіне конькисіз шығуға;
- Мұзбетін жаралауға;
- Сырғанау кезінде тамақ жеуге, сусын ішуге, сағыз шайнауға;
- Мұз айдынының жақтауларына сүйенуге және асылуға;
- Мұз бетіне немесе оның жоғарғы жағына турлі заттарды лақтыруға;
- Алкоголь, наша қолданғаннан немесе басқа нәрседен мас күйде Мұз айдынына келуге немесе Мұз айдынының қызметтерін пайдалануға;
- Жаппай сырғанауға қатысатындарды ертіп келген тұлғалар Мұз айдынының конькиді киюге арналған аумағында отыруларына РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.
ҰСЫНЫСТАР:
- Мұзға шығар алдында коньки бауының дұрыс байланғандығын тексеріңіз (Мұз айдынының қызметкерлері коньки бауын байлау қызметін көрсетпейді);
- Муз айдынына келгенде, заттарынызды караусыз калдырмацыз;
- Жоғалған немесе қараусыз қалған заттар үшін Мұз айдынының қызметкерлері жауапты болмайды;
- Мұз айдынында техникалық және/ немесе басқа да бұзылған ақауларды анықтаған жағдайда, Сіздердің Мұз айдынының кезкелген қызметкеріне осы жағдайды хабарлауларыңызды өтінеміз.
Жұмыс кестесі:
1.Бостандық ауданы, Тұңғыш Президент саябағы
- Жұмыс уақыты: тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
2. Бостандық ауданы, «VILLA Boutiques & Restaurants»
- Демалыс және мереке күндері – 10:00-00:00
- Техникалық үзіліс: 20:00-21:00
- Жұмыс күндері – 12:00-22:00
- Техникалық үзіліс: 18:00-19:00
- Конькиді жалға алу: 1500 тг/ 3 сағат
3. Алмалы ауданы, Жібек жолы-Абылай хан көшелерінің қиылысы
- Жұмыс уақыты:тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
4. Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, «Дубок» шағын ауданы
- Жұмыс уақыты: тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
5. Түрксіб ауданы, СО «Март»
- Жұмыс уақыты: тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
6. Медеу ауданы, «Спартак» стадионы
- Жұмыс уақыты:10:00-22:00
- Техникалық үзіліс: 15:30-16:00
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ.
7. Алатау ауданы, Алатау ауданы әкімдігінің алаңында
- Жұмыс уақыты: тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
8. Жетісу ауданы, Жетісу ауданы әкімдігінің алаңында («Гүлдер» саябағының маңы)
- Жұмыс уақыты: тәулік бойы
- Конькиді жалға алу: 600 тг / сағ. (12:00-22:00 – жұмыс күндері, 11:00 – 23:00 демалыс және мереке күндері)
Жаңалықтар (30)
07.09.2018
532
08.06.2018
531
02.03.2018
389
23.02.2018
395
15.02.2018
312
09.02.2018
399
07.02.2018
468
02.02.2018
356
01.02.2018
412
30.01.2018
403
25.01.2018
407
20.01.2018
413


